Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.Смолиннің басшылығымен осы Кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Оған заңгерлер одағының, Судьялар одағының, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясының өкілдері қатысты.
Отырыста сот жүйесінің ұйымдық-кадрлық мәселелері, оның ішінде жергілікті соттардың кейбір төрағалары мен судьяларын лауазымнан босату туралы мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасу үшін жарияланған конкурстың қорытындылары айтылды.
Отырыстың нәтижесі бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты