• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2016

Жаңартылған білім беру мазмұны

3077 рет
көрсетілді

белсенді, іскер тұлға қалыптастыруда айтарлықтай рөл атқарады Мамандарды ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік жағынан толыққанды қамтамасыз ету бағытында «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының іс тәжірибесі де айтарлықтай жетістіктерімен қуантады. Институт ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының мақсаттарына сай, Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының білім саласына қатысты басты басымдықтары негізінде жұмыс жасайды. Бүгінгі басты бағыт бұл орайда орта білім беруді жүйелі жаңғырту жағдайында жұмыс істеуге дайындау арқылы мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету болып табылады. Жаңартылған оқу бағдарламаларын сынақтан өткізу және ендіруді ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік қолдау, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін тарату, жаңартылған білім беру мазмұны және жаңа оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудың жаңа бағдарламаларын жасау, жаңартылған білім беру мазмұ­нын сынақтан өткізу және ен­діру мәселелері бойынша мұ­ға­лімдерге арналған конференция­лар мен оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу Қазақ­станда инновациялық инфра­құрылымның жүйелі және бірізді дамуына мүмкіндік беретін инс­титуттың басты қағидатына айнал­ғанын тағы да қайталап атап өту ләзім. Білім және ғылым министр­лігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығына сәйкес жаңар­тылған білім беру мазмұнын қанат­қақты енгізу туралы шешім қабылданып, республикада 30 мектепке мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын қанатқақты енгізу және орта білім беру мазмұнын ішінара жаңарту 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бас­талды. Осы бұйрық негізінде Батыс Қазақстан облысында Орал қалалық М.Ықсанов атын­дағы №36 орта мектеп және Теректі ауданы Шаған орта мек­тебі бекітіліп, жұмыс жүр­гізілуде. Осы тақылеттес мектептер республикамыздың әр ай­мағында белгіленіп, оның өту барысы министрлік тарапынан қадағаланып отыр. Бұл қа­­натқақты мектептер жаңа стандартты сынақтан өткізу және республиканың барлық мек­тептеріне оны енгізудің сапалы өтуін қамтамасыз ету үшін экс­перименттік алаң болып табылады. Жаңартылған білім беру маз­мұнын сынақтан өткізуде облыс бойынша 1-сыныптың 140 оқушысы, бастауыш мектептің 7 мұғалімі, 2 қанатқақты мек­тептің 15 пән мұғалімі қатыс­тырылып отыр. Сондықтан осы мұғалімдерді қажетті білім нәрі­мен, іскерлік рухымен, дағдылар және құзы­реттілікпен қару­лан­дыру – тікелей институттың құ­зы­рындағы іс. Жаңартылған білім беру маз­мұнын белгілейтін типтік оқу жос­парында 1-4 сыныпқа арналған «Жаратылыстану», гуманитарлық-қоғамдық пәндерінің негіздерін оқытуда «Дүниетану» және тіл­дерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқы­лым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды. Тағы бір жаңалығымыз, бас­тауыш мек­тептің 3-4 сыныптарында оқу­шыларға ақпаратты іздеу, талдау және тасымалдау дағдыларын үйрету мақсатында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні оқытылатын болады. Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адам­гершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату. Бастауыш мектеп оқушысы математика және информатика, жаратылыстану, адам және қоғам, технология және өнер, де­нешынықтыру сынды білім салалары аясында білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау деңгейлерінде кү­тілетін нәтижелерді көре отырып, мең­геруге талаптанады. Бі­лім сапасын анықтау құралдары ре­тінде оқуға ынталандыратын және оқушының жеке даму траек­ториясын белгілеуге мүмкіндік бе­ретін формативті бағалау мен мектепішілік суммативті ба­ғалау түрлерімен белгіленді. Стандарттың осы бөліктері өз оқуын өз бетімен құруға қа­білетті, өмір бойы білім алуға ұмтылатын оқушы тұлғасын дамытуды көздейді. Бойында қа­зақстандық патриотизм мен аза­маттық жауапкершілігі жоғары деңгейде қалыптасқан, өзіне және өзгелерге құрметпен қарай алатын, өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас құратын, еңбек пен шығармашылықта өз мүмкіндігін толығымен жүзеге асыра алатын, ашықтықты бойына сіңірген қоғам азаматы ел дамуына айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы – қазіргі білім беру­дегі жаңа және нақты жағдайға икемделу дегенді білдіреді. Пе­да­гогтарды бұл бағытта даяр­лау нәтижелі жүруде. Соның бірі соң­ғы 2-3 жыл көлемінде қо­ғамда пайда болған, шетелдік әріп­тестер үндеген «Facebook», «WhatsApp» тәрізді әлеуметтік желі бағ­дарламаларын қолдану педагог  үшін аса қиындық соқтыра қойған жоқ. Бұл – қуа­нышты жағдай. Әр жаңалықты бірінші кезекте жеке басына қолдануды меңгерген адам ғана оқушысына мазмұнды білім бере алады. Сондықтан, институтта оқытылатын барша курстардың вариативті модульдеріне смарт құрылғылардың, АКТ құрал­да­рының көмегімен жеке әлеу­меттік міндеттерін шешу жолда­рын үйрету жолға қойылды. Нәтижесінде мұғалім жеке уақы­тын, қаржысын үнемдеуге, заманауи технология­ны жеке басына пайдалана білуге үйренеді. Мұндай ұстаз пе­да­го­гикалық қызметіне де жаңа тех­нология­ны толыққанды қолдана білу дәре­жесіне көтеріледі. Стандартта белгіленген жаңа мазмұн оқушылардың сыни, шығар­машылық тұрғыда ойлау дәрежесін дамытуды да көздейді. Осы дағдыны мұғалімдерге үйрету мақсатында институтта өткізілетін барлық курстарда сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың тәсілдері, сыни ойлауды оқу және жазу арқылы дамытудың стратегиялары, жобалау әдісі, өз пікірін жазбаша рәсімдеу (мақала, эссе, комментарий беру және т.б.) әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады. Сондықтан мұғалімдердің функ­ционалдық сауаттылығын қалып­тастыруда оқу әрекетінің сипаты тұлғалық-бағдарлы, яғни проблемалық, жобалық, зерттеу, пікірталастық пішіндерде өтеді. Оған қоса, курсаралық кезеңде өткізілетін ғылыми-практикалық семинарларда мұғалімдер мақа­ланың тақырыбын құру, аннотация жазу, түйін сөздерді іріктеу, библиографиялық тізімді жазу сынды нақты дағдыларды үйренеді. Өзі оқытатын пәні аясында мұғалімнің зерттеуші позициясында болуы тек осы пәнді оқытумен шектеліп қана қоймай, оның басқа пәндермен байланысын қарастыруды, жаңалықтар қалай ашылғандығы туралы білімді ұсынумен, пәннің негізін қалаушы ғалымдар туралы білімді жеткізумен шұғылданғанда ғана мүмкін болмақ. Бұл өз алдына мұғалімді білімді ұсынушы ғана емес, сол білімді бірге жасап, өзін де оқушы деп тануына әкеледі. Осындай әрекет өмір бойы білім алу дегенді білдіреді. Құрамында мұғалім де, оқушы да бар осындай ізденуші топ «білім алушылар қауымдастығына» айналады. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың кілті осы қауымдастықтың қолында болмақ. Өз күшіңмен табылған білім, өз табандылығыңмен дәлел­денген шындық өміріңде пайдалы болатындығы сөзсіз екендігін талай ғұламалар айтып та кеткен. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында (17 қаңтар, 2014 жыл) белгіленген «орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тіл­дерін білуге тиіс, оларды оқыту нәти­жесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген міндетін орындауда мұғалімдердің біліктілігі қашанда бірінші орынға шығады. Бүгінгі мектеп пен біліктілікті арттыру институттары еңбегін табысты ете алуға қабілетті тұлға­ларды дайындауға ұмтылады. Ал мұнда бірлескен әрекет қана жемісті нәтижеге жеткізеді. Бұл күнде «Өрлеу» деп аталатын 60 жылдан астам тарихы бар біздің институт та заман талабына сай іс-әрекетін, мазмұнын қатар өзгертуге мүдделі. Институттың жиырма бір оқытушысы жаңартылған білім беру бағдарламалары аясында біліктілікті арттыру курстарын оқып, мұғалімдерге жаңа стандартпен оқыту әдістемесін үйретуде. Әлемдік білім беру үрдісіне негізделген жаңартылған білім беру мазмұнындағы жаңа курс­тардың, деңгейлік курстардың өткізілуіне байланысты қысқа мерзімді курстар өз маңызын жой­ған жоқ. Ол курс­тар аясында да жоғарыда айтылған міндеттер өз шешімін табуда. Қорыта айтқанда, міндет ауыр, мақсат айқын. Отандық іс-тәжі­рибе негізінде әлемдік тә­­жірибедегі алдыңғы қатарлы идея­­ларды бас­шы­лыққа ала оты­рып, функционал­ды сауат­ты­лы­ғымызды арттыру үшін сыни тұр­ғыда ойлай алатын мұғалімдер қа­тарын көбейт­сек, жақсы нәти­жеге же­тетініміз сөзсіз. Софья ІЗМҰХАНБЕТОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры