• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2016

Саябаққа ағаш отырғызды

1015 рет
көрсетілді

Өңірде өткізіліп жатқан «Ағаш отырғыз» экологиялық акция­сына «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты қоршаған ортаны қорғау басқармасының қызметкерлері бір кісідей атсалысып, өздерінің үлестерін қосуда. Экологиялық айлық аясында ұй­ым­дастырылған шара барысында олар Тұңғыш Президент Н.Назарбаев атындағы Орта­лық саябаққа өздері­нің қара­жатына сатып алынған 50 түп пирамидалық терек көше­тін отырғызды. Орталық сая­баққа игі­лікті іске өздерінің қолтаңбасын қал­дыруға келген зауыт­тықтар бірі көшеттерді отыр­­ғызып жатса, енді бірі отыр­ғызылған ағаштар­дың түбіне су құйып, жұмысты қыз­ды­ра түсті. Зауыттықтардың қолымен отыр­­­ғызылған ағаштар саябақта жай­қалып өсіп, алып бәйтерекке айнал­сын деген ырыммен ал­қызыл лен­таны да байлауды ұмытқан жоқ. – Экологиялық мәселе біздің ком­­­панияда жалпы әрдайым бас­ты назарда ұсталады. Біздің зауыт­та ағаш отырғызу жыл са­йын жүзеге асырылады. Ағаш егу – тазалықтың, жақсылықтың ны­шаны. Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғау, таза ұстау, абаттан­дыру, көгалдандыру ісіне үлкен жауапкершілікпен қарағаны дұрыс деп ойлаймын. Бұл – баршаға ор­тақ іс. Бүгін, міне, металлургтердің аты­­нан Орталық саябаққа ағаш отыр­ғызып, қолтаңбамызды қал­дырып жатырмыз. Бұл шара жақ­сылықтың нышаны болып қана қоймай, елімізді көркейтуге, жасыл желекке айналдыруға қосқан кіш­кентай ғана үлесіміз деп білемін, – деді қоршаған ортаны қорғау бас­қармасының инженер-экологы Өтеген Сапарберген.  Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы