• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2016

Қаржы салып, кәсіп ашқысы келетіндер көп

436 рет
көрсетілді

Сарысудың жері бай. Осынау кең даланың қойнауы қазынаға толы. Содан болар соңғы жылдары осы аймақтан кәсіп ашып, шаруасын дөңгелеткісі келгендердің қатары көбейе түсуде. Соның бірі – «Асыл тұз компаниясы» кәсіпорны ас тұзын өндіру зауытын салуды қолға алды. Бұл іске 422,1 млн. теңге инвестициялық қаржы тартылып, 75 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Кәсіп­орын жылына 50,0 мың тонна ас тұзын даярлайтын болады. Дәл қазір зауыттың құрылысы қызу жүріп жатыр. – Жалпы алғанда, біздің ауданда инвесторлардың жаңа­дан кәсіпорын ашуына көп мүм­кін­діктер бар, – дейді Сары­су ауданының әкімі Бейбіт Жай­лыбаев. – Жоғарыда айтылған екі жобамен шектеліп қалмай ин­вестициялық жобаларды іздес­­тіріп, оны өндіріске енгізу жұмыс­тары қызу жалғасуда. Осының нәтижесінде аудан аумағындағы тұз кендеріндегі ащы суларды пайдалану негізінде химиялық қоспасы бар құбыр мен үй асханасында қолданатын тазартқыштар шығаруды жоспарлап отырмыз. Жобаның құны 230,0 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ, «Қазақсода» ЖШС жылына 400,0 мың тонна кальций содасын өндіретін зауыт жобасына кірісті. Жобаның жалпы құны 250 млн. АҚШ долларын құрап, 250-300 адамға жұмыс орны ашылады. Әрине, өндіріске инвести­циялық қаржы тарту аудан экономикасын дамыта түсетіні анық. Бизнес дегеннің ауқымы кең ғой. Бұл жобалармен бірге азық-түлікпен қамту, жұмысшыларға арнайы киім тігу, көлік және басқа қызмет түрлері қарқынды дамитыны анық. Өткен жылы Сарысу ауданында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жал­пы көлемі 16,6 млрд. тең­­­ге­ні құрап, алдыңғы жылмен салыс­тырғанда 8,4 пайызға артыпты. Өнім көлемінің ұлғаюына септігін тигізіп, жұмыс істеп тұр­ған өндірістерді жетілдіру және қайта жаңғырту мақсатында биыл «Тараз көлік жолы» ЖШС-нің асфальт-бетон зауыты өңірлік индустрияландыру карта­сына енгізіліп, 250,0 млн. тең­ге қаржы са­лынбақ. Бүгінгі күні өндіріс­тік базада құрылыс-мон­таж жұмыс­тары аяқталған, зауыт жұмыс жасауға дайын. 50 адам­ды жұ­мыспен қамтамасыз еткелі отыр­ған бұл кәсіпорынға «Бизнес­тің жол картасы-2020» бағдар­лама­сы бойынша 37,0 млн. тең­геге электр желісі тартылды. Енді зауыт жылына 600,0 млн. теңге­нің өнімін өндіруді жоспарлап отыр.  Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы