• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2016

Тыңайтқыштың жаңа түрі шығарылады

245 рет
көрсетілді

Биыл Степногор қаласындағы «Астана-Нан» серіктестігі мен Мәскеу қаласындағы «Август фирмасы» АҚ бірлесіп, глифосат калий тұзын және глифосат гербицидтерін өндіретін «Август-Нан» серіктестігінің жаңа кәсіпорнын ашты. ТМД елдерінде теңдесі жоқ гербицидтің бұл түрі Қазақстанда тұңғыш рет өндірілуде. Жылына 20 миллион литрге дейін гербицид шығару жоспарланған. Бұл жобаға 2 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Бірлескен кәсіпорын өндіретін өнімнің өзіндік құнын азайтып, Кеден одағы елдерінің рыногына шығуды көздеуде. Зауыт 20 литр көлем­дегі өз ыдысын да өндіретінін атап өткен жөн. Қа­­зір өндірістік желілерді қалпына келтіру, жаңа қондырғылар сатып алу және жұмыс жобасын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Өндіріс 2016 жылдың екін­­ші жартыжылдығында іске қосылып, жүз жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы