• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2016

Үйлену тойы кезінде болған жол апатынан 8 адам қаза тапты

334 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 мамыр. Үндістанның шығысындағы Батыс Бенгалия штатында үйлену тойы кезінде жол апатынан 8 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. DNA басылымының ақпарына сүйенер болсақ, жол-көлік оқиғасы Батыс Миднапур округінде болды. Полиция қызметкерлері үйлену тойы кезінде меймандар мінген пикап автомобилі жол жиегіндегі ағашқа соғылып, аударылып қалған. Салдарынан 6 адам оқиға орнында қаза тапса, 2 адам ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Ал күйеу жігіт пен қалыңдық басқа көлікте болғандықтан зардап шекпеген. Айта кетейік, аталған мемлекет жол апаты мен осыдан қаза табушылар көрсеткіші бойынша әлемде алдыңғы елдердің қатарында тұр. Бейресми мәліметтер бойынша, Үндістанда жылына 200 мыңға жуық адам жол-көлік оқиғасынан опат болып, жүздеген мыңы түрлі деңгейде жарақат алады. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».