• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығы№318 

471 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 5 мамыр Астана қаласы «Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру, сондай-ақ онда науқастардың болу режимі туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 17 қарашадағы № 729 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 109-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес бұйырамын: «Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру, сондай-ақ онда науқастардың болу режимі туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 17 қарашадағы №729 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5959 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдарының актілерінің жинағында жарияланған, №7, 2010 жылғы) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Туберкулезбен ауыратын науқастарды мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеу және оларды шығару қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 109-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес бұйырамын:»; «1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған «Туберкулезбен ауыратын науқастарды мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеу және оларды шығару қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді және болу режимін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін. 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы М.ДЕМЕУОВ __________ 2015 жылғы 25 мамыр Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №318 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 17 қарашадағы №729 бұйрығымен бекітілген Туберкулезбен ауыратын науқастарды мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеу және оларды шығару қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Туберкулезбен ауыратын науқастарды мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеу және оларды шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) денсаулық сақтау ұйымдарының емдеуден бас тартқан немесе жалтарған туберкулезбен ауыратын науқастарды айқындау, есепке алу және мәжбүрлеп емдеуге жіберу, сондай-ақ, мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда науқастардың болу режимін және оларды шығаруды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтитын туберкулезбен ауыратын науқастарды мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда мәжбүрлеп емдеу және оларды шығару тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) емдеу – ауру ағымын жоюға, тоқтатуға және (немесе) жеңілдетуге, сондай-ақ, оның ушығуының алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер кешені; 2) емдеуден бас тарту –зертханалық әдіспен расталған туберкулез диагнозы бар науқастың орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ОДКК) тағайындаған емнен бас тартуы; 3) емделуден жалтару – ОДКК жазып берген жеке медициналық құжатта белгіленген күнтізбелік айдың ішінде туберкулезге қарсы препараттардың 7 тәуіліктік дозасын қабылдауды себепсіз жіберу түрінде емдеу режимін бұзу; 4) мәжбүрлеп емдеу – сот шешімінің негізінде жүзеге асырылатын науқасты емдеу. 2. Туберкулезбен ауыратын науқастарды анықтау есепке алу және мәжбүрлеп емдеуге жіберу тәртібі 3. Туберкулезге күдікті адамдар міндетті медициналық зерттеп-қарауға жатады. 4. Туберкулезбен, оның ішінде көптеген және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезбен (бұдан әрі – К/АДК ТА) ауыратын науқастар бактерия шығарған кезде қақырық жақпасын конверциялауға дейін міндетті емдеуге жатқызылуы және толық емдеу курсы аяқталғанға дейін емделе отырып, туберкулезге қарсы ұйымдарға (бұдан әрі – ТҚҰ) тіркеуге жатады. 5. Туберкулезбен ауыратын науқас азаматтарды мәжбүрлеп емдеу үшін: 1) зертханалық әдіспен расталған «туберкулез» диагнозы бар науқастың ОДКК тағайындаған емнен бас тартуы және медициналық картасында жазылған оның көзін жеткізген барлық әдістердің (психологтың консультациясы, санитариялық ағарту әдістерін қолдану, туыстарын тарту және т.б.) оң нәтижесінің болмауы; 2) өз бетінше кетіп қалу және ОДКК жазып берген жеке медициналық құжатта белгіленген күнтізбелік айдың ішінде туберкулезге қарсы препараттардың 7 тәуіліктік дозасын қабылдауды себепсіз жіберу түрінде емдеу режимін бұзуы негіз болып табылады. 6. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарған науқас азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынымы бойынша сот «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 107-бабының 3-тармағына сәйкес қабылдайды. 7. Учаскелік фтизиатр науқастың медициналық құжатын ТҚҰ ОДКК-ға оған мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымда (бұдан әрі – МТҚҰ) мәжбүрлеп емдеуді тағайындау туралы мәселені шешу үшін ұсынады. ОДКК қорытындысы бойынша ТҚҰ бас дәрігері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мәжбүрлеп емдеу туралы ұсынымға қол қояды. 8. ТҚҰ емнен бас тартқан немесе жалтарған науқасқа осы Қағидаларға 10-қосымшада белгіленген құжаттарды ресімдейді және оны мәжбүрлеп емдеу туралы мәселені шешу үшін күнтізбелік 5 күннің ішінде сотқа жібереді. 9. Сотқа жүгіну үшін мынадай құжаттар ұсынылады: 1) мәжбүрлеп емдеу туралы сотқа ұсыным екі данада; 2) денсаулық жағдайы туралы анықтама (сырқатнамасынан, амбулаториялық картасынан үзінді); 3) ТҚҰ бас дәрігері бекіткен сот отырысына қатысуға арналған ТҚҰ өкіліне берілетін сенімхат; 4) ОДКК мәжбүрлеп емдеуді тағайындау қажеттілігі туралы қорытындысы. 10. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдарды сот осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген медициналық құжаттама түскен күннен бастап бес күндік мерзімде және Кодекстің 107-бабының 4-тармағына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен қарайды. 11. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босап шыққан азаматтарды мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркеліміне № 9762 болып тіркелген). 3. Мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру тәртібі және науқастардың мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарға келу режимі 12. Науқастардың МТҚҰ аумағынан өз бетінше кетіп қалуының, сондай-ақ бөгде адамдардың аумаққа кіріп кетуінің алдын алу үшін МТҚҰ аумағы биіктігі кемінде 2,5 метр болатын тұтастай қақпамен қоршалады және тәуліктік ведомстволық күзетпен қамтамасыз етіледі. Науқастарға арналған серуендеу аумағы қалған аумақтардан бөлек қоршалады. 13. МТҚҰ-ны осы қызметтің түріне лицензиясы бар мамандандырылған күзет бөлімшесі (бұдан әрі – күзет қызметі) күзетеді. 14. МТҚҰ мынадай шектелген инженерлік-техникалық құралдармен: 1) аумақты негізгі қоршаумен; 2) дабылдамамен; 3) құжаттарды сақтауға арналған сейфтермен; 4) терезелердегі тез алынатын және ашылатын металл торлармен; 5) барлық арнайы және қосалқы үй-жайлар темір есіктермен; 6) мамандандырылған күзеті бар бақылау-өткізу пунктімен жабдықталады. 15. Науқастардың МТҚҰ ауласынан және серуендеу ауласынан шығуы емдеу-диагностикалық және оңалту іс-шараларын жүргізу үшін медицина және күзет қызметкерінің алып жүруімен рұқсат етіледі. 16. Күзет қызметі бақылау-өткізу режимін ұйымдастырады және сыртқы және ішкі күзетті қамтамасыз етеді. 17. МТҚҰ-ға кіруге персоналға, әкімшілікке және кезекші дәрігерге рұқсат етіледі. 18. Күзет қызметінің қызметкерлері медицина қызметкерлеріне мәжбүрлеп емдеудегі адамға профилактикада және құқыққа қарсы іс-әрекеттің алдын кесуге жәрдемдеседі. 19. Медицина персоналы мен күзет қызметкерінің өзара іс-қимылы туберкулезге қарсы ТҚҰ және күзет қызметінің арасында жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады. 20. МТҚҰ-ға түскен кезде: 1) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды алғашқы қарап-тексеру және санитариялық тазарту; 2) бастапқы тәулік ішінде емдеуші дәрігердің диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес міндетті түрде қажетті қарап-тексеруі және ем тағайындауы; 3) аурудың жіктемесін, ауырлық дәрежесін белгілеу, сондай-ақ емдеудің тиісті әдістерін таңдау және қолдану үшін қажетті қосымша клиникалық зерттеп-қарау; 4) әр науқасқа арнап жүргізілген емдеу курсының динамикасын көрсететін деректер енгізілетін сырқатнаманы және есептік нысандарды рәсімдеу жүзеге асырылады. 21. Мәжбүрлеп емдеу аяқталған соң сырқатнама жазылған эпикризбен аяқталады, МТҚҰ бас дәрігерінің орынбасары тексеріп, қол қояды, мұрағатқа тапсырылады. Есеп нысандары емдеудің қолдау сатысын амбулаториялық жағдайда немесе стационарда жалғастыру үшін ТҚҰ диспансерлік бөлімшесіне беріледі. 22. МТҚҰ әкімшілігі санитариялық-гигиеналық және індетке қарсы режимді қамтамасыз етеді, сондай-ақ мәжбүрлеп емдеуде жүрген науқастардың арасында профилактикалық және санитариялық-гигиеналық жұмыстарды ұйымдастырып, жүргізеді. 23. МТҚҰ-да науқастарды жыныстық белгілері бойынша емдеуге жатқызу сәтінде микроскопия және дәрілік сезімталдыққа тест деректерін ескере отырып және емдеу процесі кезінде жекелеген корпустарда немесе тиімді жұмыс істейтін шлюздермен жабдықталған үй-жайларда жекелеп ұстау үшін жағдай жасалады. 24. МТҚҰ басшылығы мәжбүрлеп емдеуге МТҚҰ-ға келіп түскен науқастарға құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын тексеруді, МТҚҰ-дағы науқастардың жеке және сандық есебін, тиісті тіркеу журналын жүргізе отырып жүзеге асырады, сондай-ақ: 1) олардың саны, құрамы және қозғалысы туралы есептілікті жүзеге асырады; 2) МТҚҰ-дан шыққан адамдарға: ем аяқталған соң; қайтыс болуына байланысты материалдарды ресімдейді; 3) құқықтық насихаттауды және салауатты өмір салтына насихаттауды ұйымдастырады. 4. Мәжбүрлеп емдеудегі туберкулезбен ауыратын науқастарды шығару тәртібі 25. Туберкулезбен, оның ішінде К/АДК ТА ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу «емделіп шықты» немесе «емдеу аяқталды» деген жағымды аяқталулармен толық емдеу курсы аяқталғанға дейін жалғасады. 26. «Сәтсіз ем» болған кезде К/АДК ТА науқастары паллиативтік емдеу үшін паллиативтік көмек маман­дан­дырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда немесе бөлімшелерге (бұдан әрі – МТҚҰ/ПЕ) алмастыруға жатады. 27. МТҚҰ-да болған кезде КДК ТБ белгіленген науқас инфекциялық бақылау шараларын сақтай отырып, МТҚҰ жағдайларында тиісті ем тағайындау үшін ОДКК-ға ұсынылады. 28. Мәжбүрлеп емдеу мерзімін қысқарту қақырық сүртіндісінің конверсиясына қол жеткізген және пациент тікелей бақыланатын емге (бұдан әрі – ТБЕ) жолын ұстаушылықты толық сақтаған кезде жүргізіледі. 29. Мәжбүрлеп емдеу мерзімін қысқарту туралы шешім МТҚҰ-ның дәрігерлік-консультациялық комиссияның ұсынымы бойынша ОДКК-да қаралады. 30. Науқастарды МТҚҰ-дан шығару жоспарлы тәртіппен жүргізіледі. 31. Жағымды аяқталумен емдеудің толық курсын аяқтаған науқас МТҚҰ-дан шығардың алдында күнтізбелік 10 күн ішінде емдеуші дәрігер және бөлімше меңгерушісі одан әрі диспансерлік бақылау жағдайлары туралы ақпаратты нақтылайды. 32. Емнің жағымды аяқталуы бар науқасты диспансерлік бақылауға жіберген кезде ТҚҰ-ның диспансерлік бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – ҚР ДСМ № 907 бұйрығы) «Туберкулезге шалдыққан науқастың медициналық картасы» ТБ 01/е нысаны бойынша немесе «Туберкулезге шалдыққан IV категориялық науқастың медициналық картасы»-IV санаттағы ТБ 01/е нысаны бойынша медициналық картасы, соңғы рентгенограмма және стационардың медициналық картасынан көшірме беріледі. 33. ОДКК шешімі бойынша МТҚҰ-дан мерзімінен бұрын шығарылатын науқасты амбулаториялық емге ауыстырмас бұрын күнтізбелік 10 күннің ішінде емдеуші дәрігер және бөлімше меңгерушісі емді жалғастыру жағдайлары: ТБЕ жүргізу орыны, ТҚП болуы, жанама әсерлерді диагностикалау мен емдеу мүмкіндіктері, әлеуметтік көмек көрсету түрі туралы ақпаратты нақтылайды. 34. Амбулаториялық емдеуге ауыстырғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын бөлшектік режимде туберкулезге қарсы препараттарды (бұдан әрі – ТҚП) қабылдайтын науқас 5 топтағы ТҚП қоспағанда, бір реттік қабылдауға ауыстырылады. 35. Амбулаториялық емге жіберілген кезде ТҚҰ немесе МСАК ТБЕ кабинетіне соңғы рентгенограмма, стацио­нардың медициналық картасынан көшірме және ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген «Туберкулезге шалдыққан науқастың медициналық картасы» ТБ 01/е нысаны бойынша немесе «Туберкулезге шалдыққан IV категориялық науқастың медициналық картасы»-IV санаттағы ТБ 01/е нысаны бойынша медициналық картасы беріледі. 36. «Сәтсіз емнің» аяқталуымен емді аяқтаған науқас МТҚҰ-дан шығардың алдында күнтізбелік 10 күннің ішінде емдеуші дәрігер және бөлімше меңгерушісі МТҚҰ/ПЕ одан әрі паллиативтік емдеу жағдайлары туралы ақпаратты нақтылайды. 37. МТҚҰ/ПЕ науқас қабылдайтын жақпен алдын ала келісе отырып, мамандандырылған медициналық көлікпен ауыстырылады. 38. Науқасты МТҚҰ/ПЕ ауыстырған кезде соңғы рентгенограмма және стационардың медициналық картасынан көшірме беріледі. 39. МТҚҰ/ПЕ ауыстырылған науқастың IV санаттағы ТБ01 медициналық картасы тұрғылықты жері бойынша ТҚҰ-ның диспансерлік бөлімшесіне жіберіледі. 40. Емдеу курсын толық аяқтаған немесе МТҚҰ-дан шығарылған туберкулезбен және К/АДК ТБ ауыратын науқастарды тұрғылықты жері бойынша емделуді жалғастыру үшін диспансерлік бақылау шаралары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 19 бұйрығымен бекітілген Туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9772 болып тіркелген). Туберкулезбен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеуді сондай-ақ мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда науқастардың болу режімі және оларды шығаруды ұйымдастыру қағидасына қосымша нысаны Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының сотына мәжбүрлеп емдеу туралы сотқа ҰСЫНЫМ Азамат (ша) ____________________________________________________________________________________ (пациенттің/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде ) _________________________________________________ туған күні, мынадай мекенжай бойынша тұратын: _________________________, ______ жылғы «____» ________ бастап ___________________________ диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. Қосалқы аурулары _____________________________________________________________________________ Ауру анамнезі __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Науқас _________________________________________________________________________________________ (емдеуден бас тарту немесе бой тасалау фактілері сипатталады) _______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ ОДКК қорытынды ____________________________________________________ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 107- бабына сәйкес жазылғанның негізінде Науқас_____________________________ (пациенттің/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде ) МТҚҰ-ға _____________________________ мәжбүрлеп емдеуге жіберуді (мекеменің атауы) ӨТІНЕМІН Қосымша: материалдар ____ парақтар. ТҚҰ бас дәрігері (облыстың, қаланың) (Т.А.Ә.) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11425 болып енгізілді.