ТАРАЗ. 16 мамыр. Биыл Жамбыл облысында 44 мектеп бітіруші халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларының женімпаздары ретінде ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудан босатылады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
220 оқушы «Алтын белгіге», 84 оқушы үздік аттестатқа үміткер. 64 мектеп бітіруші мемлекеттік грант иегерлері. 2496 мектеп бітіруші дәстүрлі емтихандар тапсырады.
Аудандарда мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тестілеуін ұйымдасқан түрде өткізу үшін олардың тамақтануына, тасымалдауына және жатын орнына 16 млн 990 мың теңге бөлінген. Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын 6065 мектеп бітірушінің 3295-і (54,32 пайыз) тасымалдауды қажет етеді.
ҰБТ-де жоғары нәтиже көрсеткен Тараз қаласындағы №1, 40, 41, 45 гимназиялары мен облыстық дарынды балаларға арналған 3 мектеп-интернаттың базасында мектеп директорлары мен орынбасарларына, пән мұғалімдеріне арналған әдістемелік көмек көрсетіліп, аталған мектептердің ҰБТ-ге дайындаудағы озық іс-тәжірибелері таратылды. Сондай-ақ, оқу жылы ішінде ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау сапасын жақсарту мақсатында 12 педагогикалық десант, 11 коучинг-сессия, 3 ғылыми-практикалық конференция, 78 семинар-тренингтер, онлайн режимінде ҰБТ тапсыратын негізгі пәндерден интерактивті сабақтар апталығы өткізіліп, оған жоғары сыныптарда сабақ беретін 13460 (60,2 пайыз) педагог қамтылды. Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығын анықтау, олардың білім деңгейлерін тәуелсіз бағалау мақсатында облыс мектептерінде 11-ші сыныпта оқитын оқушылардан республикалық USTADI он-лайн тестілеу орталығы, EDTECH-KZ Халықаралық білім орталығы арқылы байқау тесттері алынды.
Сонымен қатар облыс орталығында орналасқан М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті аудандар мен Тараз қаласындағы ҰБТ қорытындысы бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектептерді қамқорлықтарына алып, жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы басшысының орынбасары Жәмила Бекбатырова мәлімдеді.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, фото: egemen.kz
• 16 Мамыр, 2016
Жамбыл облысында 220 түлек «Алтын белгіге» үміткер болды

200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29