Оқушылардың Тәуелсіздікке сыйы осындай
Шымкент қаласындағы №89 мектеп-лицейдің оқушылары ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс орталығына 25 мың түп гүл сыйлады. Көздің жауын алатын жылыжайда өсірілген неше түрлі гүлдер қаланың көркіне көрік беріп, ажарын ашты.
Мектеп жанында жас жеткіншектерге арналған экологтар үйірмесі бар. Қоршаған ортаның сырын білу үшін мұнда білім алып жатқан оқушылар аз емес. Жылыжай осыдан төрт жыл бұрын демеушілердің көмегімен салынған. Содан бері жасөспірімдер осы жерде көз қызықтыратын түрлі гүлдер өсірумен айналысып келеді.
Солардың бірі – аталған білім ошағының оқушысы Жансая Махмұдова. Ол жылыжай ашылғалы бері шырайгүл түрін өсіріп, оның жетілуін зерттеп жүр. Айтуынша, өсімдіктің бұл түрі ыстыққа төзімді әрі тыңайтқышты аса көп қажет етпейді. Тек уақытында суарып тұру керек. Сонымен қатар, тозаңдандыру арқылы оның түрін өзгертуге де болатын ерекше қырын атап өтті.
– Жұмысымыздың барысында бір шай қасық көлеміне шамамен 25 мың дана тұқым сыятыны анықталды. Ерте көктемде арнайы жәшіктерді дайындап, оған биогумус пен топырақты араластырып отырғызып аламыз. Осыдан кейін 10-12 күнде көшет күйіне жетеді, бұдан соң сирету әдісімен стакандарға орналастырамыз. Бұл шамамен 1-2 ай уақыт алады, – дейді Жансая.
Қазір мектеп ауласы көрген адамның назарын еріксіз тартады. Оқушылар жылыжайда өсірген гүлдерін осы жерге әкеліп отырғызады. Шағын ғана жылыжайда жүздеген түп гүл өсіп тұр. Оның басым бөлігін мектептерге, балабақшаларға және соғыс ардагерлерінің үйіне тегін отырғызып беру дәстүрге айналған.
– Оқушыларымыз тек гүл өсірумен ғана шектеліп қалмай, саялы өсімдіктерді, жеміс ағаштарын тұқымынан және қаламшадан көбейту әдістерін үйренуде. Осы арқылы еңбекке баулимыз. Қазір оқушыларымыз сабақтан тыс уақыттарын пайдалы нәрсеге жұмсайды, – дейді география пәнінің мұғалімі Базаркүл Жабаева.
Оқушылардың ендігі мақсаты – қаланың гүлденуіне септігін тигізу. Қала бойынша, 1 миллионнан астам гүл көшетін отырғызу жоспарланса, №89 мектептің жылыжайында 30 мың түп гүл дайын тұр.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
ШЫМКЕНТ

200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29