Жел генераторларын өндіретін әлемдегі ең ірі «Vestas» корпорациясы ЭКСПО-2017-ге келеді
Жуырда ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Дания Корольдігіне жұмыс сапары өтті.
Копенгагенде комиссар Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) президентімен, өткен халықаралық көрмелердегі Дания павильонының бұрынғы директоры Стин Кристенсенмен, «Vestas» трансұлттық компаниясының вице-президенті Мортен Дирхольммен, Дания Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Йенс Кислингпен және «жасыл энергетика» саласындағы жетекші дат компанияларының топ-менеджерлерімен келіссөздер жүргізді.
ХКБ президентімен кездесу барысында ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары халықаралық қатысушыларды тарту, павильондарды тақырыптық толтыру, сондай-ақ, Қазақстанның ХКБ алдындағы міндеттерін орындау мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы айтты. Кристенсендал өз кезегінде, көрмені өткізуге дайындықты жоғары бағалап, ЭКСПО-2017 көрмесі незінде БҰҰ бастамасымен «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту орталығын құру өзектілігін ерекше атады.
«Vestas» компаниясының вице-президенті М.Дирхольммен кездесу барысында ЭКСПО-2017 көрмесінің шеңберінде ынтымақтасу, соның ішінде Қазақстанда баламалы энергетиканы дамытуға инвестицияларды тарту мәселелері талқыланды. Дирхольмнің пікірінше, «Vestas» компаниясының мамандары жалпы қуаттылығы 40 мың МВт-ға жуық 41 жел генераторларын өндіріп, әлемнің 60-тан астам елінде орнатқан және қазіргі таңда Орталық Азия нарығына енуге мүдделі.
Кездесу қорытындысы бойынша «Vestas» компаниясы Астанадағы халықаралық көрмеге қатысып, инновациялық жел-энергетикалық қондырғыларын көрсететін болды.
Дания СІМ-індегі келіссөздер барысында екіжақты саяси және сауда-экономикалық қатынастардың, соның ішінде ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде баламалы энергия, ғылыми-зерттеу және технологиялар трансферті салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті аспектілері қозғалды. Данияның энергетикалық стратегиясына сәйкес осы ел үкіметі 2020 жылға дейін жылыжай газдарының шығарылуын 40%-ға төмендетуді және баламалы энергияның үлесін 50%-ға дейін жеткізуді жоспарлауда.
Сонымен қатар, сапар шеңберінде Дания мен Швецияның «Innoventum», «Haldor Topsoe» және «DBDH» сияқты ірі компаниялары үшін таныстырылым ұйымдастырылды.

Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:14
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Оқиға • Бүгін, 11:12
Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:01
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43