Өсу жолы өркенді
Сәрсенбі күні Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының Парламентіне – 15 жыл: қалыптасуы және дамуы» деген тақырыпта ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Оның жұмысын Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Бобров жүргізіп отырды. Конференция жұмысын ол Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың құттықтау сөзін оқып беруден бастады. Құттықтауда еліміздегі қос палаталы кәсіби Парламенттің 15 жылда жан-жақты қалыптасқаны атап өтіліп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғам алдына қойған міндеттемелерді шешуде Парламенттің қажетті заңдарды қабылдап келе жатқаны айтылған. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рақмет Мұқашев сөз сөйледі. Ол 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституцияға сәйкес өмірге келген қос палаталы кәсіби Парламенттің өсу жолдары, Сенат пен Мәжілістің заң шығарудағы жетістіктері жайына тоқталды. Парламенттің қалыптасуына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған басшылық ықпалы мен рөлі жайында айтып өтті. Конференция бағдарламасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Парламентімен заң шығару қызметі бөлігінде өзара іс-қимыл жасау мәселелері» деген тақырыпта Әділет министрінің орынбасары Дулат Құсдәулетов әңгімеледі. Сонымен қатар, заң ғылымдарының докторы, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің президенті, «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата төрағасының орынбасары Мақсұт Нәрікбаев «Қазақстан Парламенті: кейбір мәселелері мен даму резервтері» деген тақырыпта қосымша баяндама жасады. Конференцияда «Парламент пен Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара қарым-қатынасы дамуының конституциялық негіздері» тақырыбында саясат ғылымдарының докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов сөз сөйледі. «Қазақстандағы Парламент: өткені, қазіргісі, келешегі» тақырыбы бойынша саясат ғылымдарының докторы, профессор, Мәжіліс депутаты Камал Бұрханов, «Қазақстан Парламентінде салт-дәстүрді демократияландыруды қалыптастыру туралы» деген тақырыпта философия ғылымдарының кандидаты, «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтының директоры Болат Байқадамов ой-пікірін ортаға салды. Конференцияда басқа да қоғам қайраткерлері, парламентшілер сөз сөйледі. Жиын Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Бобровтың қорытынды сөзімен аяқталды. Жақсыбай САМРАТ.Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші бой көтерді
Әдебиет • Бүгін, 09:20
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше