Бұрнағы күні Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатының іріктеу турнирі аяқталып, ширек финалдық ойындарға кезек келді. Мамырдың 14-і күні Латвияға 1:2 есебімен есе жіберген Қазақстан командасы бұл сапта жоқ.
Біздің жерлестеріміз 16 мамырда Даниямен өткен матчта да жеңіліп қалды. Есеп – 1:4. Осылайша 2 ұпаймен А тобында ең соңғы орын алған қазақстандықтар кезеңде ғана қалып қойған жоқ, осының негізінде жоғары лигамен де қош айтысты.
Чемпионатта 14 мамырда тағы мына командалар ойнады: Норвегия – Швеция 2:3, Ресей – Швейцария 5:1, Франция – Финляндия 1:3, Венгрия – Беларусь 5:2, Канада – Словакия 5:0. Ал 15 мамыр күнгі кездесулер мынадай нәтижелер әкелді: Дания – Чехия 2:1 Б, Швейцария – Швеция 2:3 Б, Германия – АҚШ 3:2, Словакия – Финляндия 0:5. Келесі, 16 мамыр күні Ресей Норвегияны 3:0, Канада Францияны 4:0, Германия Венгрияны 4:2 етіп тізе бүктірді. Топтағы ақырғы күні негізгі шайқастар көш басына таласатын командалар арасында өтті. Осы принципті кездесулерде Ресей Швецияны 4:1, Финляндия Канаданы 4:0 етіп ұтты. Қалған ойындар былайша аяқталды: Чехия – Швейцария 5:4, АҚШ – Словакия 2:3 ОТ, Латвия – Норвегия 1:3, Беларусь – Франция 3:0.
Осы ойындардың қорытындысымен ширек финалда ойнайтын сегіздік белгілі болды. Олар топтарда алған орындарына сай өз қарсыластарын тапты. Соның нәтижесінде бүгін Чехия – АҚШ, Финляндия – Дания, Ресей – Германия, Канада – Швеция мұз айдынына шығады. Олардың жеңгендері жарыс жолын жалғастырады.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ

Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42