ДЗЮДО. Алматыда «Grand Prix» турнирі өтті. Жарыста Қазақстан дзюдошылары бір алтын, үш күміс және екі қола иеленді. Турнирде әйелдер арасында Галбадрах Отгонцецег (48 кг) жеңімпаз атанды. Рүстем Ыбыраев (60 кг), Жансай Смағұлов (66 кг), Альбина Амангельдиева (78 кг) күміс жүлде иеленді. 66 кило салмақтағы Елдос Жұмақанов пен 73 кило салмақта сынға түскен Дидар Хамза қола медальді жеңіп алды.
ФУТБОЛ. Сенбі-жексенбі күндері Қазақстан премьер-лигасы 11-турының матчтары ойналды. Кездесулер мынадай есептермен аяқталды: «Шахтер» (Қарағанды) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 0:2, «Тараз» (Тараз) – «Ордабасы» (Шымкент) 1:2, «Оқжетпес» (Көкшетау) – «Тобыл» (Қостанай) 1:1, «Ақжайық» (Орал) – «Жетісу» (Талдықорған) 1:2, «Атырау» (Атырау) – «Астана» (Астана) 1:0, «Қайрат» (Алматы) – «Ертіс» (Павлодар) 1:0
ЕРКІН КҮРЕС. Қазақстандық балуан Хайратқан Шонку 125 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде есту қабілеті төмен спортшылар арасында әлем чемпионы атанды. Осы чемпионатта Нұрсұлтан Дүйсенбиев, Ғабит Есжан мен Асылжан Тәжиев қола медальға ие болды.
ТЕННИС. Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Галина Воскобоева Словакияның Трнава, Тунистің Ла Марс қалаларында ІТF сериясы бойынша өтіп жатқан турнирде және Internazionali BNL d’Italia халықаралық жарысында ширек финалға шықты.
ШАХМАТ. Алматыда Қазақстан чемпионаты өтті. Оған 22 шахматшы қатысты. Жарыста қыздар арасында Жансая Әбдімәлік алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Ерлер арасында Петр Костенко чемпиондық атақты иеленді.
«Егемен-ақпарат»