АҚШ журналисі қазақ жеріне осындай баға берді
Қазақ жері – шабандоздардың мекені. Оны Американың National Geographic журналының фоторепортері және Western Horseman басылымының редакторы Райан Белл өздеріндегі баяғы Жабайы батыс атанған аймақтарға қатты ұқсатады.
Мұхит асып келген журналист жақында Павлодар мемлекеттік университетінде болғанында өз өмірінің басты мәні мен негізгі құмарлығы жылқы екенін ашып айтыпты. Университет сайтының жазуына қарағанда, Белл Ұлттық географиялық қоғам фотографтары шеңберінде жылқы деген жануардың нағыз білгірі саналады. Сондықтан, оның Қамбар ата ұрпағының тыныс-тіршілігі жайлы фоторепортаждар конкурстарында ылғи Гран-при жеңіп алып жүруі бір жағынан заңдылық та болып табылады.
Америкалық мейман Қазақстанда жылқының қатты қадірленетінін, оның қасиеттері туралы үнемі айтылып отыратынын көргенде, қатты қайран қалғанын жасырмай айтыпты. Ол сонымен бірге өзі тұратын Монтана штатындағылардың да жылқыны қатты құрметтейтінін, бірақ оның етін жемейтінін жеткізіпті. Дегенмен, қонақ қазақтардың көшпенділер ретіндегі ежелгі құндылықтарының бәрін жақсы бағалайтынын айта келіп, соның ішінде ұлттық тағамдары мен тамақтарын да ұнатып қалғанын білдіріпті.
Райан Беллдің пікірінше, қазір бүкіл әлемге әйгілі болып отырған ковбойлық, яғни шабандоздық әрі атбегілік өнер өзінің бастауын тап осы қазақ даласынан алады. Ол кезінде жылқылардың көшпенділер бесігі – ұлы сахараның қатал табиғат жағдайында адамға нағыз серік болғанын айтып отыр.
Мұрат АЙТҚОЖА

Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47