21 Мамыр, 2016

ҰБТ – қиын емес: библиодесант

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҰБТЖалпы білім беретін мектептер түлектерінің бірыңғай ұлттық тестілеу тапсыруға санаулы уақыт қалды. Абай атындағы кітапхана қызметкерлері «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры­мен бірлесіп, Озерка ауылының орта мектебінде мектеп бітіруші түлектерге арнап библиодесант өткізді. Шараның мақсаты: оқушыларды бірыңғай ұлттық тестілеуге психологиялық тұрғыда дайындау, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға көмек көрсете отырып, бойларына сенімділік ұялату, дұрыс жол таңдай білуге үйрету және жасөспірімдер назарын кітап оқуға тарту. Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға психологиялық көмек ретінде өткізілген іс-шара барысында 11-сынып оқушылары жалпы тест туралы ойларын ортаға салып, психологиялық сұрақтарға жауап беріп, сергіту жаттығуларын жасады. Кітапханалық библиодесантты ұйымдастырушы кі­тап­­хана қызметкерлері орта мектептің мұғалімдері мен оқушыларына кітапхананың тарихы мен қызмет бағыттарын және үйірмелер мен клубтардың жұмыстарымен таныстырды. Пән мұғалімдеріне оқу үдерісіне, сыныптан және мектептен тыс өтетін іс-шараларға көмек ретінде әдістемелік құралдар мен мерзімді басылымдар ұсынылды. Библиодесант соңында мұғалімдер мен оқушыларына «Бір ел – бір кітап», «Дулат Бабатайұлы», «Даналық дариясы», «Абай кітапханасының сирек басылымдары», «Интернет орталығының қызметтері» тақырыбында дайындалған буклеттер, шорт-парақтар таратылды.  Айгүл МЫРЗАЛИНА, Абай атындағы кітапхананың дамыту