Футбол • Кеше

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лионель Месси Испаниядағы төменгі дивизионда өнер көрсететін UE Cornellà футбол клубын сатып алды. Бұл қадам оның тек ойыншы ретінде емес, сонымен қатар футболдағы ірі инвестор әрі басқарушы ретінде де жаңа кезеңге аяқ басқанын көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды

Жоба клубты дамытуға, инфрақұрылымды жақсартуға және ең бастысы жас таланттарды тәрбиелеуге бағытталмақ. Мессидің жоспары бойынша, команда академиясына ерекше көңіл бөлініп, болашақ футбол жұлдыздарын дайындауға жағдай жасалады.

Футболдан әлем чемпионаты финалының билеттері тағы қымбаттады

Клуб өкілдері бұл өзгерісті тарихи оқиға деп бағалап, Мессидің келуі командаға жаңа серпін беретінін айтты. Олардың пікірінше, бұл серіктестік UE Cornellà-ның спорттық деңгейін көтеріп қана қоймай, оның халықаралық беделін де арттыра алады.

Соңғы жаңалықтар