21 Мамыр, 2016

Ақмолада жоғалған қыздың әке-шешесіне қатысты іс қозғалды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-05-16-elina

КӨКШЕТАУ. 21 мамыр. Жұмбақ жағдайда із-түзсіз жоғалған Эллина Кұлдинаның ата-анасы сот алдында жауап беруі мүмкін. Бұл туралы КТК телеарнасының ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Ақмола облыстық ішкі істер департаменті оның әке-шешесіне қатысты «Баланы қараусыз қалдырды» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Егер кішкентай қыздың жоғалуына жақындарының айыпты екені дәлелденсе,  әке-шешесі 4,5 миллион теңге айыппұл төлейді немесе 2 жылға  бас бостандықтарынан айрылады. Ал баланың өлі денесі табылған жағдайда ата-анасы 5 жылға дейін сотталуы мүмкін. Еске сала кетейік, бұдан екі апта бұрын Астанадан 40 шақырым жердегі Қабанбай батыр ауылы маңында 2 жасар қыз жоғалып кеткен еді. Нұра өзенінің жағасына серуендеуге шыққан ата-анасы Эллинадан аяқ асты көз жазып қалады. Қазір кішкентай қызды полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер өзеннің жағасынан, жазық даладан, судың түбінен де іздеп жатыр. Эллиннаның суға кетуі мүмкін деген жорамал айтылғандықтан, Нұра өзенінің ағысы да тежелді. Бақберген Амалбек. Дерек, фото: КТК