Ол қалай орындалуда?
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл) 1-бөліміне қатысты Қаржы министрлігі 14 тармағын (20%) орындаушы болып табылады.
2016 жылдың аяғына дейін 3 іс-шараның 2-еуін іске асыру жоспарланып отыр. Олар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғалармен байланысын шектеу мақсатында салықтық және кедендік әкімшілендіру үдерістерін автоматтандыру және мемлекеттік сатып алу шеңберінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бағаларының шашырап кетуін болдырмайтын мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор объектілерінің сатып алулары туралы деректер негізінде «Электронды мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесінің бағалар модулін пысықтау.
Сонымен қатар, 2016 жылғы 4 тоқсанда іске асыру жоспарланған, жеке тұлғалардың кірістері мен мүліктерін кезең-кезеңмен декларациялауды, оның ішінде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және соларға теңестірілген жауапты мемлекеттік лауазымды атқарып отырған тұлғалардың, сондай-ақ, олардың жұбайларының жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын, бағалы қағаздар, қатысу үлестерін сатып алуға арналған шығыс көздерін декларациялауды енгізу мәселесін пысықтау жөніндегі іс-шара 2015 жылы мерзімінен бұрын орындалды.
2015 жылғы 18 қарашада халықты жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша заңға қол қойылды, оған сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер, ұлттық компаниялардың әкімші персоналы, сондай-ақ, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, ал 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің қалған барлық тұрғындары декларация тапсыруға тиіс болады.
Декларациялау жүйесіне кіру кезінде активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырылады, онда меншік құқығындағы мүлікті, оның ішінде пәтерлер, машиналар, банктердегі салымдарды және т.б. көрсету қажет. Кейіннен халық алған кірістері, сатып алған мүлкі туралы жыл сайын декларация тапсыратын болады.
Жыл бойында жалақы, зейнетақы, стипендия алған және басқа кіріс алмаған немесе жылжымайтын мүлік сатпаған тұлғалар қандай да бір цифр көрсетпестен, бір парақтық қысқаша декларация ұсынатын болады. Егер адамда кіріс ауқымы бұдан кең болса, онда ол толық декларация тапсырады.
Бұдан басқа, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қосымша салықтық шегерімдер енгізіледі. Мәселен, 4 және одан да көп баласы бар көп балалы отбасыларға қосымша салықтық шегерімдер беріледі. Сондай-ақ, кез келген жеке тұлға көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған шығыстары бойынша салықтық шегерімдерді пайдалана алады.
Бес институттық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес 2015 жылы Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган ретінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды жаңа редакцияда әзірледі, онда кәсіпорындардың проблемаларын шешуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге екпін жасалған, оның қабылдануы Үкімет пен Парламенттің дағдарысқа қарсы шараларының бірі болып табылады.
Сондай-ақ, Қаржы министрлігі әзірлеген «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңның нормалары алдын алу шараларының бірі болып табылады, оның мақсаты қолданыстағы қаржылық бақылау жүйесінің құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін жасау. Мемлекеттік аудит туралы заңға сәйкес жұмыстағы басты назар енді сараптамалық-талдамалық қызметке қарай аударылатын болады. Алдын алу элементі ретінде ақпараттық жүйелердің функциялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып камералдық бақылау енгізілуде.
Бұдан басқа, салық төлеушілердің қызметін тексерушілерді араластырмай фискальдық әкімшілендіруді жақсартуға бағытталған Салық және Кеден кодекстеріне түзетулер енгізілген.
Бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» шеңберінде бірқатар құқықтық, оның ішінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға бағытталған актілер әзірленді. Жоспар шеңберінде заңның 5 жобасы, заң жобаларына 5 тұжырымдама жобалары әзірленді. Бұдан басқа 2 бірлескен бұйрыққа қол қойылды және заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесі әзірленді.
Талдау нәтижелері бойынша Қазақстанда көлеңкелі экономиканың болжамды мөлшері шамамен 1999 жылғы 42,5%-дан 2013 жылы 34,3%-ға дейін төмендеді.
2013 жылы Ұлттық экономика министрлігінің есептері бойынша, жалпы ішкі өнімде қадағаланбайтын экономиканың үлесі 2012 жылы 19,2%-дан 2013 жылы 27,4%-ға дейін ұлғайды, оның ішінде ішкі жалпы өнімде заңсыз қызмет үлесі 2,3%-ды құрайды. 2014 жылы ішкі жалпы өнімде қадағаланбайтын экономиканың үлесі – 27,3%, ол 2013 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға төмен.
Салық міндеттемелерін орындаудан жалтару схемаларын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша заңнамалық актілері өзгертілді және толықтырылды.
Өткізілген «Чек талап етіп жүлде ұтып ал» акциясы жақсы нәтиже берді. 2 млн. адам қатысқан кезде, қосымша 9 мың жеке тұлға ЖК ретінде тіркелді және 8 мыңнан астам кассалық машина есепке қойылды.
Бизнес жүргізу кезінде адалдықты ынталандыру мақсатында уәкілетті экономикалық операторлар институты жетілдірілді. Тауарлардың импорты кезінде әкімшілендірудің жаңа схемасы енгізілді, тәуекелдерді басқару жүйесі жетілдірілді. Сыртқы экономикалық қызмет кезінде көлеңкелі экономиканы төмендету мақсатында бірқатар мәселелер пысықталуда. Мәселен, электронды декларациялауды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Импортталатын акцизделетін өнімдерге (алкоголь, ЖЖМ, сигареттер) электронды ілеспе жүкқұжаттар енгізу қарастырылуда. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, бір мезгілде тауар-көлік жүк-құжатының қағаз нысанын алып тастай отырып, барлық тауарларды импорттау және оларды республика аумағы бойынша алып жүру кезінде тауарларға электронды ілеспе жүкқұжаттар (ТІЖ) енгізу жоспарланып отыр.
Қолма-қол емес есеп айырысуларды ынталандыру үшін екінші деңгейдегі банктер РОS-терминалдар арқылы жүргізетін операцияларға қызмет көрсету комиссиясын төмендету үшін жұмыс жүргізеді. Қазіргі кезде РОS-терминалдар арқылы жүргізетін операциялардың көлеміне қарай жеке тарифтер көзделген. Клиенттер төлем карточкалары арқылы қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыруы үшін оларды тарту бойынша ірі банктер әртүрлі бағдарламаларды қолдануда.
Мемлекеттік сатып алуды оңайлату үшін және сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылданды. Онда өнім берушілерді алдын ала білікті іріктеу тетігі қолданыла отырып, жаңа сатып алу тәсілі енгізілді, оларды жүргізудің кезеңдері қысқартылды, тапсырыс берушілерге бюджет бекітілгенге дейін сатып алуды жүзеге асыру мүмкіндігі берілді, техникалық ерекшелікті алдын ала талқылау институты енгізілді, бір көзден сатып алу негіздері қысқартылды және конкурстан тыс рәсімдерге қойылатын талаптар күшейтілді.
«Электронды мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешенін жетілдіру арқылы техникалық ақауларды жою бөлігінде мемлекеттік сатып алу веб-порталының функциясын арттыру жұмыстары жүргізілді.
Негізгі міндеті сараптамалық-талдамалық қызмет негізінде бұзушылықтарды ескерту болып табылатын мемлекеттік аудит енгізілді. 2015 жылы алдын алу шараларын қабылдау үшін бюджет қаражатының игерілуін көлденең бақылау алғаш рет басталды. Соның арқасында 2,7 млрд. теңгені негізсіз пайдаланудың алды алынды және 380 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 11 %-ға көп.
Бизнес ортаны жақсарту және биржалық сауда саласындағы заңсыз мәмілелердің санын азайту үшін сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша заңнамалық актілер өзгертілді және толықтырылды. Атап айтқанда, электронды биржалық сауда-саттыққа толық көшу бойынша нормалар енгізілді, тауар биржалары бойынша заңнама нормаларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауаптылық енгізілді.
Экономика салаларында көлеңкелі өндірісті азайту мақсатында сауда және көлік салаларында, ауыл шаруашылығында, жылжымайтын мүлікпен операцияларда және өнеркәсіпте бірқатар іс-шаралар іске асырылды.
Одан басқа, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бекітілді, онда қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу аясында мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.
Өркениетті сауда үшін жағдай жасау мақсатында сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша заң қабылданды. Заңда сауда базарларының қазіргі заманғы форматқа кезең-кезеңмен көшуі көзделген, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға сауда саясатының іске асырылуын қамтамасыз ету функциясы берілді, Интернет арқылы электронды сауданы жүзеге асыру тәртібі регламенттелді.
Электронды билеттеуді дамыту бойынша жұмыстар сәтті аяқталды. 2015 жылы «Жолсеріктің мобильді терминалы» бағдарламалық-аппараттық кешені енгізілген, яғни барлық жолаушылар пойызы, оның ішінде жеке тасымалдаушылардың жолаушылар пойызы мобильді терминалдармен жарақтандырылған. Сондай-ақ, Интернет және өзіне өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы жол жүру құжатын (билетті) сатып алу мүмкіндігі туғызылды.
Бірлескен бұйрықпен мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері мен учаскелік полициялардың тұрғын үйлерін (жайларын) жалға беретін және мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне тұрмай және тиісінше жеке табыс салығы сомасын төлемей мүліктік табыс алатын жеке тұлғаларды анықтау жұмыстары регламенттелген. 2015 жылдың тек соңғы 3 айында тұрғын үйлерін жалға беретін 10 718 жеке тұлға анықталды, қосымша 5 130 тұлға есепке қойылды, 112,3 млн. теңге төленді.
Алкоголь, мұнай өнімдерін өндіру мен айналымын дұрыс есепке алу мақсатында уәкілетті органға деректер операторы арқылы деректерді есепке алудың бақылау аспаптары арқылы өндірушілер бөлісінде он-лайн режімінде өндіріс көлемдері туралы деректерді беру қамтамасыз етілді.
2015 жылы Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенция ратификацияланды (2015 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енді), оның шеңберінде Страсбург Конвенциясына қосылған 94 шетел мемлекетінің құзыретті органдарымен ақпарат алмасу жүзеге асырылатын болады. Бұл жалпыға бірдей декларациялауға дайындық элементтерінің бірі болып табылады.
Мереке ТАҢАТАРОВ