25 Мамыр, 2016

Биыл Атырауда 4 633 оқушы мектеп бітіреді (фото)

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-15-2016-nogaev mektepАТЫРАУ. 25 мамыр. Биыл Атырау облысының мектептерін 4 633 түлек бітіреді. Оның ішінде 77 мектеп бітіруші «Алтын белгі» алудан үміткер болып отыр. Бүгін мектеп бітірушілерге облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сәттілік тіледі. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Қазіргі заманда білімнің маңызы өте жоғары. Білімді ұрпақ еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында тер төгетін болса, халқымыздың болашағы жарқын болмақ. Сендерге ақ жол тілеймін. Алда келе жатқан Ұлттық бірыңғай тестте білімдеріңді еш қиналмай пайдаланып, жақсылап өткізіңдер. Өмір жолы оңай емес. Ата-аналарыңның үмітін ақтаңдар. Аман жүріңдер», – деді облыс басшысы Нұрлан Ноғаев №36 мектеп-гимназияда өткен соңғы қоңырау салтанатында. Биыл Атырау облысында 4 633 түлек мектеп бітіреді.  Олардың 77-сі алтын белгіге, 18-і үздік аттестат иегері атануға үміткер болып отыр. Бұдан бөлек биыл Атырау мектептерін бітірушілер арасынан 34 халықаралық білім байқауларының жеңімпазы, 70 республикалық байқауының жеңімпазы шықты. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Фото: Рахым Қойлыбаев. 25-15-2016-nogaev mektep 1 25-15-2016-nogaev mektep 2