ӨСКЕМЕН. 25 мамыр. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында соңғы 4 айда 1714 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы ақпараттық орталығына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тұрғын үйлермен бір мезетте әлеуметтік нысандар да іске қосылуда. Бұл 23,6 пайыздық өсімді көрсетеді. Аудан әкімі Дәулет Батырбаевтың айтуынша, ауданның дамуы жаңа нысандардың іске қосылуымен бағаланатын болса, соңғы бес жылда Ұлан ауданында 7 жаңа мектеп, 3 балабақша, 2 ауылдық клуб, 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 3 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бүгінде «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамының желісі бойынша екі үйдің құрылысы аяқталды. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде биыл мамыр айында Қасым Қайсенов кентінде жалпы сомасы 564 миллион теңгені құрайтын 40 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталды. Бұл үйлерді жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Таврия ауылында 320 орындық мектептің құрылысы аяқталады.
Айта кетейік, осы жылдың бастапқы 4 айында аудандағы құрылыс жұмыстары 1107,5 миллион теңгені құрап, өткен жылдың баламалы уақытымен салыстырғанда екі есеге өсті.
Думан Анаш.
Дерек, фото: Шығыс Қазақстан облысы ақпараттық орталығы.
• 25 Мамыр, 2016
Шығыс Қазақстанда тұрғын үй құрылысының қарқыны артты

12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:38
Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:20
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Президент • Кеше
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
Білім • Кеше