Кино • 26 Мамыр, 2016

Қазақ хандығының 550 жылдығы туралы сериал күзде көрермен назарына ұсынылады

750 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталмыш сериал бұрын­ғылардан өзгерек. Қазақ ханды­ғының тағдырын бейнелейтін көптен күткен сериал осы күзде көрермен назарына ұсынылады. Қазіргі таңда түсірілім аяқ­талуға жақын. Бұл туралы Мә­де­ниет және спорт министрі Арыс­танбек Мұхамедиұлы 2015 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп берген кезінде мәлімдеді.

Қазақ хандығының 550 жылдығы туралы сериал күзде көрермен назарына ұсынылады

Министрдің айтуынша, Үкімет тапсырмасымен қазір, отандық киноиндустрияны дамытудың тұжырымдамасы дайын­далып жатыр. Тағы бір қуанышты жаңалық, биылғы күзде жаңа бір туынды – «28 панфиловшылар» фильмі жарыққа шығады. Мәскеу түбіне таяп қалған 18 неміс танкісін тоқтатқан даңқты 316-шы атқыштар дивизиясы туралы фильм Ресейдің Мәдениет министрлігімен бірлесіп дайындалған. – Кино мәдениетін жаңа бір сатыға көтеретін уақыт келді.

Бұл үшін құқықтық, салалық өзге­рістер қажет. Қазіргі таңда «Қазақфильм» сияқты киностудиямыз бар. Алайда, біз сол студияның бар мүмкіншілігін пайдалана алмай келеміз. Мұның барлығын бір жүйеге келтіру қажет. Ең бі­рінші, көркем фильмдерді кең прокатқа шығатындай ету қажет. Себебі, жақсы фильмдеріміз түсі­рілгенімен, оларды халық­аралық деңгейде көрерменге ұсынатын тетіктер жоқ, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Аян ӘБДУӘЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар