26 Мамыр, 2016

Индустрияландыру ісі ілгерілей түсуде

383 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін
ИндустриализацияБатыс Қазақстан облысында индустрияландыру және эконо­­микалық өсуге үлкен үміт артыл­ған. Аталған бағыт шең­берін­­де об­лыста жаңа өндіріс орын­­да­рын құру және инвести­циялар­­ды тарту мәселесіне көп көңіл бөлі­неді. Облыста негізгі капитал­ға 355 млрд. теңге инвести­ция тар­тыл­ған, 2014 жылмен салыс­тыр­ғанда өсу 28% құра­ды. Аудан­дар мен облыс орталы­ғының қи­ма­сында өңдеуші өнеркә­сіпте негіз­гі бөлікті мыналар құрай­ды: Орал қаласы – 70%, 14% Бұр­лы, 6,5% Зеленовский, 5,5% Терек­ті ауд­ан­дары. Қалған аудандар үлес сал­мақта негізінен ауыл шаруашы­лығына бағытталған, онда мал­дың басын көбейту, ет және ет өнім­дерін шығару көлемін арттыру есе­бінен өндірістің өсуі байқалады. «Бүгінгі күнге жаңа өндіріс­терді құру және қолданыстағы өндірісті кеңейту негізгі мақсат­тардың бірі болып табылады. Индустрияландыру картасы шеңберінде облыс бойынша 330 млрд. теңге сомаға 41 жоба жүзеге асырылуда, 2272 жұмыс орны ашылуда. Алғашқы бесжылдықта Индустрияландыру картасы бойынша 258 млрд. теңгеге 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылды, 1828 жұмыс орны ашылды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі Индустрияландыру картасы жобаларының үлесі – 30%, өңдеуші өнеркәсіпте 14% құ­­ра­­ды», деп хабарлады облыс әкі­­мінің орынбасары Игорь Стексов. «Орал трансформатор зауыты» ЖШС осындай жобалардың бірі болып саналады, жобаның құны 3,1 млрд. теңгені құрайды. Қуаттық трансформаторлардың тұтынушылары мұнай-газ саласы­ның ірі компаниялары, энерге­ти­калық кешен және теміржол кәсіпорындары. Бұдан басқа «Орал трансформатор зауыты» ЖШС өз өнімінің 90%-ын ТМД елдеріне экспорттауды көздейді, Иран нарығына шығуды да жос­парлауда. Бұл жерде 120 жаңа жұмыс орны ашылған. Толық қуатпен жұмыс істеген кезде 600 жұмыс орны ашылады. 2016 жылдың басынан жарты миллиард теңгеге 840 транс­форматор шығарылған. Ал бұл дегеніміз, кәсіпорын жоспар­лан­ған қуаттың 62,5%-ына қол жеткізді деген сөз. 300 трансформатор ТМД елдеріне экспортталды. Бұдан басқа, ағымдағы жылы Орал трансформатор зауы­ты түрік инвесторларымен серік­тестікте электр техникалық жабдықтар өндірісі бойынша «Оралэлектро» ЖШС бірлескен кәсіпорнын ашпақ. «Әзірге зауыттың өндірістік қуаты жылына 3500 дана трансформаторды құрайды. Алайда, екінші желі аяқталуға жақын, ол іске қосылған соң кәсіпорынның өндірістік қуаты екі еселенетін болады. Қазіргі күнге бұл жерде 150 жұмыс орны ашылған, зауыт толық қуатқа көшкеннен кейін шамамен 650 жұмыс орнын ашу қарастырылады. Оның толық жобалық қуаты – жылына 10 мың дана трансформатор», деп хабарлады «Alageum Electric» холдингтік компаниясы байқау кеңесінің төрағасы Сайдолла Кожабаев. Екінші бесжылдықта 440 жұмыс орнын ашумен жалпы сомасы 72 млрд. теңге 10 жобаны енгізу жоспарланған. 2015 жылы 2 жоба енгізілді. Оның біреуі газ-турбиналы электр стансасы. «Батыс Пауэр» ЖШС энергиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және облыстың энергиялық тәуелділігін төмендетуге, сондай-ақ, электр энергиясы бойынша экспорттаушы қатарына енуге мүмкіндік береді. 2016 жылы 270 жұмыс орнын ашумен құны 52 млрд. теңге болатын 6 жобаны жүзеге асыру жос­парлануда. Солардың бірі – К5 экологиялық класты мотор отындарын өндіретін зауыт құрылысы («Конденсат» АҚ). Бұл жоба Қазақстанның батыс аймағының сапалы автомобиль бензиніне қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Конденсат» АҚ 5-ші экологиялық класты жоғары октанды этилденбеген бензиннің кең ассортиментін шығаратын болады. Жобаның құны – 45 млрд. теңге. Тағы бір жоба – 600 тоннаға дейін құрғақ салмақты жаңа класты кемелер шығаруды игеру үшін теңіз кеме құрылысын дамыту («Зенит» Орал зауыты» АҚ). Заманауи катерлер мен кемелер шығаратын «Зенит» зауыты бүгінгі таңда республиканың индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысуда. 23 әскери кеме және күзет катерлері зауыт өнеркәсібінің және Қазақстанның кеме құрылысы саласының жолбасшысы болып табылады. «Қазір «Зенит» зауытында өндірісті жаңарту жүргізілуде. Жылдың аяғына қарай жаңа цех пайда болады. Содан кейін кәсіпорын су сыйымдылығы 600 тоннаға дейін жететін арнайы кемелерді шығара алады», дейді облыс әкімі Алтай Күлгінов. фото Рафхат Халелов (9)-1Өндірісті жаңартудың аталған бағытын таңдау Каспийде мұнай-газ өнімдерін өндіру кезінде теңіз операцияларын қолдау қажет­тілігіне негізделген. Жобаның құны – 460 млн. теңге. Бұл жобаны іске асыру өндірілетін өнім номенклатурасын кеңейтуге, ірі көлемді кеме құрылысын дамы­туға мүмкіндік береді. Тағы бір өршіл жоба – жылына қуаттылығы 10 тонна уылдырық және 131 тонна бекіре еті болатын қара уылдырық және тауар­лы бекіре өндірісі бойынша аквамәдени кешен құру. Алғаш рет тұйық сумен жабдықтау шарттарында қара уылдырық және бекіре етінің өндірісі жолға қойылатын болады. Жобаның құны – 4,5 млрд. теңге. «Біз жалпы алаңы 12 мың шаршы метр зауыт саламыз. Са­лыстыру үшін келтірейін, мы­салы, Ресейде шамамен 10 тонна тауарлы қара уылдырық өндіріледі. Жобаның құны 3,6 млрд. теңге. Қазір жобаға инвес­тицияны «Ordabasy Group» салуда, деп хабарлайды «Аквамәдени тәжірибе-өнеркәсіптік өндіріс оқу-ғылыми кешені» ЖШС бас директоры Алмаз Самарханов. Кәсіпкерлікті дамытуда кіші және орта бизнес субъектілері маңызды рөл атқарады. Жылдың басына облыста тіркелген кіші және орта кәсіпкерлік субъек­тілерінің саны 45,4 мыңды құрады. Бұл салада жұмыс істейтіндердің жалпы саны – 108 мың адам, бұл алдыңғы жылға қарағанда 3%-ға көп. Шағын және орта бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке түсетін салық төлемдері 49 млрд.теңге құрайды, бұл алдыңғы жылға қарағанда 2 млрд. теңгеге артық. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде оны іске асырудың басынан бас­тап 56 млрд. теңгеге 513 жоба мақұл­­данды. 22 мың жұмыс орны сақ­­талды, 3300-ден астам жаңа жұ­мыс орындары ашылды. Ауыл­ды жер­лерде 20 млрд. теңгеге 195 жоба қолдау тапты. 2015 жылы 6 млрд. теңгеге 108 жоба ма­құл­­данды. Қолданған жобалар­дың жалпы санының 56%-ы ауыл­­ға тиесілі», деп хабарлай­ды кә­сіп­керлік және индус­трия­лық-ин­но­вациялық даму басқар­масының басшысы Миржан Сатканов. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» шеңберінде 2015 жылы республикалық бюджет қа­ражаты есебінен 466 млн.теңге со­маға 231 микронесие берілді. Бар­лығы 3136 жұмыс орны ашылды. 2015 жылы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға республикалық және жергілікті бюджеттер қара­жаты есебінен, сон­дай-ақ, Ұлт­тық қордан 7 млрд. теңге бөлінді, бұл 2014 жыл­дың деңгейінен 42%-ға көп. Осы кезеңде облыстың агроқұрылымдары 6 млрд. теңге несиелік қорларды тартты, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 14%-ға көп. Лизингке 1,0 млрд. теңгеге 284 бірлік ауылшаруашылық техникасы сатып алынды. Агроөнеркәсіптік кешенде ет өндіру мен қайта өңдеу бойынша және стратегиялық инвестор­ларды тарту бойынша жобалар та­бысты жүзеге асырылуда. Экспортқа бағытталған ет және ет өнімдері кәсіпорындары жұмыс жасайды. Жалпы алғанда, облыс бойынша 21 асыл тұқымды шаруашылық, асыл тұқымды ірі қара малдың 26 мың басына 101 асыл тұқымды репродукторлар, 12 мың басқа арналған 6 бордақылау кешендері жұмыс істейді. 2800 басқа арналған 4 бордақылау алаңдарының қосымша құрылысы жүргізілуде. Жаңа бордақылау өндірістерін құру бойынша инвесторларды тарту үшін жұмыс жүруде. 2015 жылы «ҚазАгро» АҚ қатысуымен жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгеге 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. «Осы жылы егіс науқанына 414 шаруа қожалығы қатысады: оның ішінде 274 дәнді дақыл өндірісімен, 81 – май, 156 – жем-шөп, 51 — көкөніс және бақша шаруашылығымен айналысады. Мал шаруашылығын қолдау үшін біз дәнді дақыл алаңда­рын қысқартамыз және жемшөп алаңдарын көбейтеміз. Сондай-ақ, шаруа қожалықтарының да саны артуда. Соңғы жылдары шаруашылықтар саны 2-3%-ға көбейді», деп хабарлайды ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Оңғарбеков. Агроөнеркәсіптік кешен тауарлары ішкі нарықта да және сыртқы нарықта да сатылады. Облыстың ірі экспортшыларының бірі – «Кублей» ЖШС-нің ет және консерві өнімдерінің 100-ден астам түрі Қазақстанның ішіне де, жақын шетел нарықтарына да жеткізіледі. «Кублей» ЖШС бір ауысымда 10 тонна ет (ІҚМ 70 басы) өндіру қуаты бар суық қасапхана құрылысы бойынша жобаны қосымша жүзеге асыруда. «Жайық Ет» ЖШС, «МясоДел» сауда белгісімен ет және шұжық бұйымдарын шығару­мен айналысады, бұл патент­телген бренд Қазақстан мен жақын және алыс шетелдерде танымал. Жыл сайын ірі қара мал және ұсақ қара малдың басы өсуде, алайда, өкінішке орай, нарық­та мал терісіне сұраныс жоқ. Осы мәселені шешу үшін «ПОШ-Руно» терілерді өңдеу бойын­ша кәсіпорын құрылады, ол инвес­тордың өз қаражаты есебінен қаржыландырылады. Жобаның қуаты – жылына 210 мың ірі қара мал терісі 750 мың ұсақ қара мал терісі. Түпкілікті нәтижеде кәсіпорын тері бұйымдарын шығаратын болады. Нәтижесінде шамамен 100 жаңа жұмыс орны ашылады. Жақын уақытта құры­лыс жұмыстары басталады. Зеленов ауданының Щапово ауылында ет өндіру бағытындағы құс фабрикасы «Жайық Агро ЛТД» ЖШС салу бойынша жұ­мыс­тар жүргізілуде, қуаты – жылы­на 6 мың тонна құс еті. Бұл жоба­ның құны – 3,5 млрд. теңге. «Аталған жобаларды іске асыру облыс халқының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және тағам өнімдеріне бағаларды тұрақтандыруда маңызды рөл атқарады. Бұл жоба облыс халқын өзімізде өндірілген құс етімен қамтамасыз ететін болады, ал облыстың құс етіне қажеттілігі жылына 3000 тоннадан артық. Сондай-ақ, қосымша 109 жұмыс орны ашылатын болады. Қаржыландыру инвестордың өз қаражаты және несиелеу есебінен жүзеге асады. Пайдалануға енгізу келесі жылға жоспарланып отыр», – деді облыс әкімі Алтай Күлгінов Облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзақтығы 6 530 км. құрайды, оның 1 392 шақырымы республикалық ма­ңыздағы және 5 137 шақырымы облыс­тық және аудандық маңыз­дағы жол. 2016 жылы респуб­ли­калық маңыздағы автомобиль жолдарының желісін жөндеу және ұстауға 9 млрд. теңге бөлінді. Барлығы ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша 230 шақырымнан астам аудандық, қа­лалық, облыстық және респуб­ликалық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланған. Дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде 2016 жылы тұрғын үй құрылысына және қажетті инженерлік инфрақұрылымға 12 млрд. теңге бөлінді. 2016 жылы барлық қаржыландыру көзде­­рінен жалпы алаңы 130 мың шар­шы метр 15 көп пәтер­лі тұр­ғын үй салу және 22 инже­нерлік-ком­муникациялық инфра­құрылым объектілерін салу жоспарланған. Оралда «Нұрлы Жол» бағ­дар­ламасы бойынша бес үйден құралған тұрғын үй кешенінің құрылысы жүруде. Бес жүз пәтер кезекте тұрғандар арасында бөлінетін болады. «Жоба 2,9 млрд. теңге сома­ға бағаланады. Олар «Бәйте­рек» ҰҚХ арқылы бөлін­ген. Сондай-ақ, қалада Тұрғынүй­құ­рылысжинақбанкінің салымшыларына арналған үш үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Қазір инженерлік желілерді тартуды аяқтау ғана қалды», – дейді қалалық құрылым бөлімінің басшысы Рустем Закарин. «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі шеңберінде Батыс Қазақ­стан облысында қазақстандық біртектілікті нығайту, этносаралық және конфессияаралық келісім­нің қазақстандық үлгісін қалып­тастыру бойынша түрлі акциялар мен іс-шаралар өтті. Облыс бойынша «Бейбітшілік және келісімнің жол картасы» мегажобасы шеңберінде он мың­даған адамдардың қатысуымен 800 іс-шара өткізілді, 700 тұр­ғынға 7,5 миллион теңге сомаға көмек көрсетілді. 2000-нан астам адамның қатысуымен 125 конференция, дөңгелек үстелдер өткізілді, 390 мектепте «Мәңгілік Ел» тақырыбына сабақтар жүргізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айында Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының үйі ашылды, ол этносаралық және конфес­сияаралық келісімді нығайтудың тиімді құралына және бірегей үнқатысу алаңына айналды. Сондай-ақ, «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыхалықтық жоба жүзеге асырылады, оның басталуы облыста Ассамблея үйін ашумен қатар келіп, осы жылдың 4 ақпанында бастау алды. Мереке ТАҢАТАРОВ Батыс Қазақстан облысы