26 Мамыр, 2016

Қытайда әпкесіне көмектесу үшін сіңлісі тірі нысанаға айналды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26-05-2016 china 1АСТАНА. 26 мамыр. Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Улянь алаңында әпкесінің еміне қаражат жинау үшін тірі нысанаға айналды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Көпшілік жиналған жерде өзінен үлкен трафаретті ұстап тұрған. Ол жерде жебемен бір рет ату құны 10 юань, яғни 1,50 доллар болатыны жазылған. Сондай-ақ, қажетті соманы жинау үшін немесе қаржыны аударуға болатын банк есепшотының нөмірі жазылған тақтайша тұрды. Қала тұрғындарының бірі оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақырған. Ол мұндай қадамға әпкесінің дертіне ақша жинау үшін барғанын айтты. Мәліметтер бойынша, әпкесі өткір лейкоз ауруына шалдыққан. Осының салдарынан отбасы көп қарызға батқан. Бұл жағдайдан көпшілік хабардар болған соң, қайырымдылық ретінде қажетті ақша жиналды. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: inform.kz. 26-05-2016 china 2