26 Мамыр, 2016

Қарағандыда «Асыл әжем – дана әжем» атты байқау өтті

628 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26-05-2016 ajeҚАРАҒАНДЫ. 26 мамыр. Қарағандыда «Асыл әжем – дана әжем» атты әжелер арасындағы облыстық байқау өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Байқауға облыстың жас шамалары 55-75 аралығындағы әжелер қатысты. Сайыскерлер бірнеше аталым бойынша өз өнерлері мен біліктерін қазылар алқасының талқысына ұсынды. Байқау қорытындысында бас жүлдені Жезқазғанннан келген 75 жастағы Зоя Бейсембаева жеңіп алды. «Алтын әже» жүлдесі балқаштық Шайзада Садықоваға бұйырса, «Күміс әже» сыйлығына қарқаралылық Тілеужан Қазиева лайық деп танылды. Сонымен қатар, «Фитнес әже», «Әнші әже», «Ақылды әже», «Батыр әже» және «Әдемі әже» аталымдары бойынша да арнайы жүлделер табыс етілді. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: egemen.kz.