АСТАНА. 26 мамыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездесті. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кездесуге кеңес төрағасы, Австрияның бұрынғы федералдық канцлері А.Гузенбауэр, Польшаның бұрынғы президенті А.Квасьневский, Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы, Италияның бұрынғы премьер-министрі Р.Проди, Израильдің бұрынғы премьер-министрі Э.Барак қатысты.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан экономикасының негізгі даму бағытын, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ, Еуроодақ елдерімен ынтымақтастықты нығайту үшін қабылданып жатқан шараларды, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшеліктің артықшылықтарын пайдалану мәселелерін талқылады.
Қазақстан Президенті әлемдік экономикадағы құбылмалылыққа, оның біздің елге де әсер етіп отырғанына назар аударды.
«Жаһандық экономика өсімі болжанған көрсеткіштерден төмен болып шықты. Бұған қоса, әлем қандай бағытта жылжып бара жатқаны, оны қысқа және ұзақ мерзімді кезеңде не күтіп тұрғаны туралы көңілге қонымды сарапшылық пікір жоқ. Қазір Еуропада, Ресей мен Қытайда күрделі үдерістер жүріп жатыр. Осының бәрі болашақ жаһандық даму тұрғысынан зор қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, біздің ел аталған қиындықтарға қарамастан бұдан әрі ілгерілеуді қамтамасыз ете отырып, өз реформаларын жүзеге асыруын жалғастыруда», – деді Мемлекет басшысы.
Кеңес мүшелері кездесу үшін алғыс айтып, жаһандық күн тәртібінде тұрған өзекті саяси және экономикалық мәселелерге қатысты пікірлерін ортаға салды.
Атап айтқанда, Австрияның бұрынғы федералдық канцлері А.Гузенбауэр Қазақстан жүзеге асырып жатқан реформалар жаңа жаһандық сын-қатерлерге уақытылы берілген жауап екенін және олар біздің республикамызға мейлінше дамыған елдер клубынан орын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Израильдің бұрынғы премьер-министрі Э.Барак отандық агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелеріне тоқталды. Ол Қазақстанның әлемдік азық-түлік нарығында бәсекеге қабілетті орынды иеленуі үшін қажетті барлық ресурсқа ие екенін мәлімдеді.
Польшаның бұрынғы президенті А.Квасьневский әлеуметтік мәселелерді шешуге, адам капиталын жетілдіруге, шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға бағытталған реформалардың арқасында елдің жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті.
Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы әрі Италияның бұрынғы премьер-министрі Р.Проди Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақтың арасындағы қарым-қатынастың даму әлеуеті зор екеніне, ол барлық тарапқа, соның ішінде Қазақстанға пайда әкеле алатынына назар аударды.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: akorda.kz.
• 26 Мамыр, 2016
Елбасы Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездесті

Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Бүгін, 21:53
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25