ТАРАЗ. 26 мамыр. Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысына, оның орынбасарына және «ГазСпецСЧтрой» ЖШС өкіліне қатысты үкім жарияланды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тараз қаласы №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366 бабының 3 бөлігі 2 тармақшасымен (пара алу), 362 бабының 4 бөлігі 3 тармақшасымен (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) кінәлі деп танылған Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы М.Қонысбековке, орынбасары Д.Атауоллаұлына және ҚР ҚК-нің 367 бабының 2 бөлігімен (пара беру) кінәлі деп танылған «ГазСпецСтрой-А» ЖШС-ның өкілі М.Алтамировқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдарынан, Д.Атауоллаұлы мен М.Қонысбеков өздерінің лауазымдық құқығына жатпайтын әрекеттерге ыкпал жасап, материалдық табыс алу мақсатында департамент әкімшілік мемлекеттік қызметкерлеріне аударылған сыйдан заңсыз ақшалай қаражат жинап алған. Осымен тоқтамай, Д.Атауоллаұлы мен М.Қонысбеков кызметтік өкілеттіктеріне кіретін және лауазымдық жағдайына байланысты сол әрекеттерге ыкпал жасап, «ГазСпецСтрой-А» ЖШС-ның өкілі М.Алтамировтан мемлекеттік тапсыру-қабылдау актісіне қол қою үшін 100 000 теңге талап еткен.
Көп ұзамай, пара алу барысында Д.Атауоллаұлы Жамбыл облысы сыбайлас жемқорлық департаментінің қызметкерлерімен ұсталған.
Соттың үкімімен Д.Атауоллаұлы мен М.Қонысбеков Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 362 бабының 4 бөлігі 3 тармағымен, 366 бабының 3 бөлігі 2 тармағымен кінәлі деп танылып, осы баптардың бөліктерімен әрқайсысына қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеуімен, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 000 000 теңгеден айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.
М.Алтамиров Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 367 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 3 000 000 теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, фото: egemen.kz

Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12