АҚТӨБЕ. 26 мамыр. Ақтөбеде еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Айтқыштар Ақтөбеде» VII республикалық әзіл-сықақ театрларының фестивалі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оған еліміздің мәдениет және өнер мекемелерінен әзіл-сықақ жанрын насихаттап жүрген 14 театр мен 3 жеке орындаушы қатысты. Фестивальді ұйымдастыруға облыс әкімінің, сонымен қатар, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры мұрындық болды.
Аталған мәдени шараның алдында «Екі езу» сатира театрының арнайы ұйымдастырған көлеңкелі қойылымы ұсынылды және өнер магистрі Елтай Кемалдың режиссерлығымен кешегі қазақы қалжыңның көсегесін көгерткен «Тамашаның» тарландарын еске алу мақсатында театрландырылған хореографиялық көрініс қойылды.
Фестивальдің бас жүлделерін «Менің күйеуім қызғаншақ» комедиясын қойған Атырау қаласының «Ара-Атырау» әзіл-сықақ театры мен «Дәрігерлер әлемі» және «Психолог» интермедияларын қазылар талқысына ұсынған Алматы қаласының «Керемет» әзіл – сықақ театры қанжығаларына байлап, әрқайсысы 150 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.
Екі бірінші орынды Тараз қаласының «Талас таланттары» әзіл – сықақ және Оңтүстік Қазақстан әзіл – сықақ және сатира театрлары иеленіп, әрқайсысы 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Фестивальге қатысқан әзіл – сықақ театрларының қай –қайсы да сый – сияпаттан құр қалған жоқ. Оларға да ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, фото: egemen.kz
• 26 Мамыр, 2016
Ақтөбеде әзіл – сықақ театрларының фестивалі өтті

Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12