26 Мамыр, 2016

Ақтөбеде азаматтарды қабылдау қосындары жұмыс істеуде

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26.05.2016 AQT-4АҚТӨБЕ. 26 мамыр. Облыста жер мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау қосындары ашылып, жұмыс істей бастады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Тек Ақтөбе қаласында ғана төрт қосын ашылды. Олардың барлығы жер мәселелерін түсіндіру мақсатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша ашылып отыр. Өңір басшысының бұл бастамасын жер реформасы бойынша үшжақты комиссияның, қоғамдық кеңес және өзге қоғамдық бірлестіктердің мүшелері қолдады. Қосындар Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында, Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан»партиясының ғимараттарында орналасқан. Ақтөбеліктерді «Алаш жолы» қозғалысы, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар, атқарушы билік өкілдері қабылдап, жерге қатысты ұсыныс-пікірлерін тыңдауда. Мұндай орындар облыстың аудандарында да ұйымдастырылған. Биылғы жылғы 3 мамырда жер мәселесіне байланысты облыста үшжақты комиссия құрылған болатын. Оған «Алаш жолы» қозғалысының белсенділері, саяси партиялар мен ҮЕҰ өкілдері енді. Олардың мақсаты –облыс тұрғындарынан келіп түскен барлық ұсыныстар мен тілектерді сараптап, республикалық комиссия қарауына жолдау. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, фото: egemen.kz 26.05.2016 AQT-5 26.05.2016 AQT-6