Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Ілияс Жансүгіровтің неміс тілінде жарық көрген «Құлагер» поэмасының беташар рәсімі болды.
Рухани рәуіштегі кездесуге келгендер алдында сөз алған ақынның жиен немересі Жанар Жандосова қазақтың асыл қазыналары қатарындағы жыр жауһарының қалай немісшеге тәржімаланғаны туралы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, игілікті істің сәтімен аяқталуына Қазақстандағы Гете институтының қызметкерлері қыруар еңбек сіңірген көрінеді. Алдымен Иман Естаев, Таңсұлу Рақымбаева және Салтанат Әшірова шығарманың жолма-жол аудармасын жасапты. Содан соң германиялық аудармашы Герт Хайденрайх қазақ тілінің мақтаулы мамандарымен алқа-қотан отырып ақылдасқан. Мәтіндегі мәйекті тіркестердің мән-мағынасын сұрап білген. Өзіне беймәлім ұлттық болмыс ұғымдарының алты қабат астарына қал-қадерінше ой жүгірткен. Әбден санасына сіңіріп барып, қаламға қол созған.
Мұны басқосу барысында мәртебелі мейман Герт мырзаның ағынан жарыла айтқан сырынан да аңғардық. «Талантты досым Иран Ғайыптың өлеңдерін аударумен айналыса жүріп сіздердің салт-дәстүрлеріңізбен біршама танысып үлгердім. Ақан серінің трагедияға толы өмірін өте кең тынысты керемет, поэтикалық эпикасына арқау еткен Ілияс Жансүгіров жайындағы естеліктерді оқып, ерекше күйге бөлендім. Ақыры алапат ақындық қуаттың тереңіне еркін бойлай алмайтынымды түсіндім. Сондықтан, шамама қарай шабуға бел байлап, өлең өрнегін өзімше құрастыруға тырыстым. Ал енді ақиқатын айтсам, мен «Құлагерді» қазақтардан қатты қызғандым. Өйткені, ол Шекспир шедеврлері деңгейінде шебер жазылған дүние!»
Осы орайда мен ойлаймын, Ілекеңнің інжу-маржандарын, әсіресе, тамаша жер суреттерін, аттың сынын артық кетсек, аруағы кешсін, кемеңгер Гетеңіздің де келістіріп аударуы екіталай-ау. Бүгінде екі қазақтың бірі түсіне бермейтін «Тәует бас, қамыс құлақ, қуарған жақ. Құлан жал, бұлан мойын, қой жұтқыншақ, қоян жон, жазық жая, құс топшы» деген теңеулерді басқа ұлттың өкілдеріне ұғындырып беріңізші, мықтылығыңызды көрейік...
Сол арадан естіген жағымды жаңалық, Германияның «Büchergilde» баспасынан шыққан «Das Lied von Kulager» поэмасын жексенбі сайын автор тыңдарманның құлақ құрышын қандырғандай қоңыр дауысымен Бавария радиосынан оқиды екен. Бұдан артық қандай насихат керек!
Салтанатты шараға қатысқан белгілі азамат, қарымды қаламгер Сәдібек Түгел Астана – Көкшетау тас жолы бойында жеке қаржысымен орнатқан Құлагерге арналған еңселі ескерткіштің тарихын алға тарта отырып, І.Жансүгіров секілді классигіміздің әдеби кеңістігін кеңейтуге аянбай атсалысқан алманиялық азаматқа алғысын білдірді.
Жыр дүлдүлінің ұрпақтары енді аталарының асыл мұраларын ағылшын тілді оқырмандардың олжасына айналдыруды қолға алмақ.
Талғат БАТЫРХАН,
«Егемен Қазақстан»

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10