Таяуда елордадағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында (ТҒӨО) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің, жақын және алыс шетелдердің қан орталықтары басшыларының қатысуымен «Қан қызметінің қазақстандық моделі. Тәжірибесі және келешегі» атты халықаралық семинар болып өтті.
Мемлекет басшысы белгілеген «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының басым бағытының бірі денсаулық сақтаудың бәсекелестік жүйесін дамыту болып табылады. Қан қызметі хирургия, гематология, анестезиология, реаниматология, клиникалық токсикология, трансплантология сияқты және басқа да медицинаның клиникалық бағытының жемісті дамуын қамтамасыз етіп, осы жүйеде негізгі ұстанымға ие.
Бүгінгі таңда отандық қан қызметі – денсаулық сақтау саласының серпінді дамушысының бірі, осы қысқа уақыт ішінде қан құю бойынша халықаралық қоғамның жоғары бағасын алуға және танылуына мүмкіндігі бар жетістіктерге жетті. Қызметті оңтайландыру негізінде халықаралық стандарттарды тиімді енгізу және нормативтік құқықтық деректерді жетілдіру ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту сияқты қызметтің негізгі көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді; трансфузиондық індеттің бар болуына донорлық қанды зертханалық скринингілеу жүйесін жетілдіру, бұл 2013 жылдан бастап заң шығарушылық негізде міндетті тәртіп бойынша екі әдіспен (ИФТ+ПТР) жүргізіліп келеді. Осы шараны өткізу әлемдік медицина қоғамының көз алдында еліміздің беделін көтеруде үлкен мәні бар.
Семинар жұмысын Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов ашты. Ол Қазақстанның қан қызметінің негізгі бағыттары мен басымдықтарына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының елдік офисінің басшысы Мелита Вуйнович, Трансфузиологтардың ресейлік ассоциациясының басшысы Евгений Жибурт өздерінің жүрекжарды құттықтау сөздерін арнады. Жиын барысында ТҒӨО директоры Жандос Бүркітбаев «Қан қызметі реформасының негізгі бағыты» атты баяндама жасады. 2010 жылдан бастап орталық негізінде қанның зертханалық диагностикасында толығымен автоматтандырылған аналитикалық жабдықтың жабық типін пайдаланумен екі кезеңді скрининг қолданылады.
Зертханалық диагностиканың бұл әдісі ТМД аумағында мемлекеттік масштабта тек Қазақстанда қабылданған, бұл алдыңғы қатарлы технологияның бөлігін пайдаланудың қан қызметінің үдемелі дамығандығын куәландырады. Төменгі температура жағдайында қан жасушасын ұзақ мерзімге сақтау технологиясы пайдаланылады, бұл гемопоэтикалық бағаналық жасушаларын трансплантациялауды пайдаланумен емдеу әдісін Қазақстанда енгізуге мүмкіндік туғызады. Жыл сайын қан дайындаудың ресурс үнемдеу технологиясын қолдану, сондай-ақ, вирусинактивациялау, лейкофильтрациялау және басқа да сол сияқты, қан компоненттерін инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша әдістерінің көлемі ұлғайып келеді. ТҒӨО трансфузиология курсы құрылған, трансфузиондық медицина саласында ғылыми-қолданбалы зерттеу іске асырылуда.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»