АСТАНА. 1 маусым. Еркін күрестен екі дүркін әлем чемпионы, Ресейдің алты дүркін чемпионы Виктор Лебедев Олимпиада лицензиясынан бас тартты. Бұл туралы bloknot-yakutsk.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ресей чемпионатында ол дағыстандық балуан Исмаил Мусукаевпен күрескен болатын. Осы белдесуде төрешілер жеңісті Саха Республикасының өкілі Лебедевке берген. Белдесуден кейін Мусукаев төрешілердің шешіміне келіспей, төбелес шығарған. Сол кезде ОМОН-ның жасағы келіп, екеуінің арасында ушығып бара жатқан төбелесті тоқтатқан. Чемпионат аяқталысымен Лебедев жеңілгенін мойындап, Олимпиада лицензиясынан бас тартатынын айтты.
«Чемпионатта маған төрешілер көмектесіп отырды. Мен Мусукаевтан жеңілгенімді мойындаймын. Бірақ, оның төбелес шығарғаны дұрыс болмады. Одан кейін де маған төрешілер көмектескен еді. Александр Богомоевпен кездесуде де төрешілердің көмегімен жеңіске жеттім. Бұл белдесуде Богомоев менен жақсы күресті. Мен мұндай әділетсіздікпен келіспеймін. Егер Олимпиадаға қатысып, құрмет тұғырына көтерілсем де біреудің жеңісін ұрлағанымды ойлап тұратын едім. Жүрегім тыныштық таппайтын еді. Чемпиондық атақтан ешқандай әсер алмай, өмір бойы ұялып жүретін едім», деді ол.
Осы чемпионатта Лебедев пен Мусукаваетың белдесуіне төрелік жасаған үш қазы қуылды. Алайда, есеп сол күйінде сақталып қалды. Ал Бурятияның балуаны Богомаевпен күресте екеуіне чемпиондық атақ берілді.
Дағыстанда жанкүйерлер Саха балуанының шешіміне ризашылық білдірді. Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко болса, Лебедевтің шешіміне түсіністікпен қарайтынын айтты. «Әркім өз ісіне өзі жауап береді. Жақын арада біз еркін күрес федерацияның өкілдерімен кездесіп, Олимпиадаға балуандарға лицензия беретін жолдарды талқылаймыз. Өйткені, 57 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде бәсекелестер көп. Олимпиадаға тек мықтылар ғана бару керек. Біз жарыста Ресейдің күрес әлемінде мықты ел екенін көрсетуіміз керек», деді ол.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: bloknot-yakutsk.ru
Видео: mk.ru
• 01 Маусым, 2016
Ресейлік спортшы Олимпиада лицензиясынан бас тартты

Қазақстандық биатлоншылар эстафетада бақ сынады
Олимпиада • Бүгін, 20:31
Олимпиада-2026: Қазақстанның ерлер құрамасы скиатлонда қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Бүгін, 17:49
Алматыда кейбір көше қиылыстарындағы бағдаршамдардың жұмысы өзгереді
Аймақтар • Бүгін, 17:05
Астанада LRT жобасының екінші кезеңіне дайындық басталды
Елорда • Бүгін, 16:52
«Жезқазған – Петропавл» тасжолында екі адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 16:21
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 15:30
Қостанай облысында 6 теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Қонаевта медициналық кампустың құрылысы қашан басталады?
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Азия чемпионаты: Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден күміс жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 14:00
Жаңаталап ауылында жаңа медициналық пункт ашылды
Аймақтар • Бүгін, 13:53
Ғылыми қауымдастық жаңа жобаны талқылады
Ата заң • Бүгін, 12:48
Бокстан Қазақстан құрамасы Испаниядағы турнирде 6 алтын медаль жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 11:54
Шала туған 730 грамдық шарана қалай аман қалды?
Медицина • Бүгін, 11:42
Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Президент • Бүгін, 11:27
8 ақпандағы доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:40