10 Маусым, 2016

Іргетасымыз – бейбітшілік, татулық және тұрақтылық

284 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
100-590«Нұр Отан» партиясы Төраға­сы­ның бірінші орынбасары мен Маң­ғыстау облысының әкімі Ақтау қаласында партия белсен­ділерімен, имамдармен және зиялы қауым өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Бүгін барша Қазақстан жұрт­шылығы Елбасының Ақтө­бедегі жантүршігерлік лаңкес­тіктің құрбандарын еске алуға арналған ұлттық аза тұтуды жария­лаған кешегі мәлімдемесін талқы­лауда. Бұл тақырып Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Алик Ай­дар­бае­втың Ақтау қаласындағы кезде­сулерінің де негізгі өзегі болды. Кездесуде лаңкестердің елді дүрбелеңге салып, қоғамда үрей туғызуды көздегені, алайда, олардың бұл әрекеттерінен түк шықпағаны айтылды. Қайта қан­ды оқиға біртұтас Қазақстан хал­қын одан әрі ұйыстырып, жұ­дырықтай жұмылдыра түсті. Барша Қазақстан халқы адам­гер­шіліктен ада қандықол қылмыс­керлердің қолынан қаза тапқан­дардың туған-туыстары және жақын-жуықтарымен бірге аза тұтуда. Мұхтар Құл-Мұхаммед маң­­ғыс­таулықтарға Мемлекет бас­шы­сының лаңкестерді заңның бар­лық қатаң талаптары бойын­ша жазалауды, ал теракт құрбан­дарының отбасыларына қажетті көмек пен қолдау көрсетуді тап­сырғанын жеткізді. «Нұр Отан» партиясы Төр­ағасының бірінші орынбасары тәу­елсіз Қазақстанның барлық жетіс­тігі мен табыстарының берік іргетасы бейбітшілік, бірлік және тұрақтылық екеніне назар аударды. Бұл қасиетті құндылықтар еліміздегі барлық азаматтар табан тірейтін негіз болуы керек. Мұхтар Құл-Мұхаммед партия­ластарын, имамдарды, сондай-ақ, Маңғыстау облысының ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдерін Елбасының мәлімдемесін өңірдің әр тұрғынына түсіндіру үшін бірігіп жұмыс істеуге шақырды. Бұл жұмыстардың жергілікті жастарға ерекше көңіл бөле отырып жүзеге асырылуы тиіс екені де сөз болды. Кездесу барысында корейлер қауымдастығының төрайымы Раиса Маденова: «Біз тек бірге ғана кез келген қиындықты еңсере аламыз. Себебі, біз бір халықпыз және біздің тағдырымыз да бір. Біз Мемлекет басшысының сө­зін әр отбасына жеткіземіз. Біз еш­кім­ге тәуелсіздігімізді, бірлі­гіміз­ді және жеңістерімізді тағдыр тәл­кегіне салуға жол бермейміз», – деді. Өз кезегінде, «Болашақ» пре­зи­денттік бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның жетекші ЖОО-сында білім алған жас мұнайшы Марат Сибасов тәуел­сіз, бейбіт және тұрақты дамып келе жатқан елде туып-өскен қазақ­стандықтардың жас буыны Ота­нымыздың тыныштығын ба­ға­лап, оны сақтауда өзгелерден кө­бі­рек күш жұмсауы керектігін айтты. Жерлестерінің бұл сөздеріне Маңғыстау облысының басқа да тұрғындары қолдау білдірді. Сондай-ақ, Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің ректоры Әділбек Ботабеков пен облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағын Қрымқұлов та аталған тақырыпта сөз сөйледі. «Егемен-ақпарат»
Соңғы жаңалықтар