2008 жылдан бастап жыл сайын маусым айында әлемдік қауымдастық Дүниежүзілік аккредиттеу күнін атап өтеді. Бұл күн 2007 жылғы 30 қазанда Сидней қаласында (Австралия) ILAC және IAF бірлескен Бас ассамблеясының отырысында бекітілген болатын.
Дүниежүзілік аккредиттеу күнін мерекелеу шеңберінде Ұлттық аккредиттеу орталығы халықаралық ұйымдар бекіткен тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер өткізеді.
Осылайша, 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасында әлемдік сенімді, құзыреттілікті орнату, аккредиттеу жөніндегі жұмыстар нәтижелерін әлемдік тану, реттеуші органдарды қолдау құралдары, азық-түлік өнімдерінің және таза ауыз су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлемдік саудаға көмек көрсету, энергиямен қамтамасыз етудегі қауіпсіздік, сондай-ақ, медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуді қолдау бойынша тақырыптарға арналған дөңгелек үстелдер өткізілді.
Өз кезегінде үкіметтік емес ұйымдар заңнамалық актілерді талқылауға, қоғамдық мүдделерді қозғайтын әртүрлі салаларда мемлекеттік саясатты құру, мониторинг және оңтайлы реформаларды жүзеге асыру үшін зерттеулер жүргізу жолымен, құқықтық құралдар көмегімен қоғамдық мүдделерді қорғаумен айналысады.
Бұл ретте, стандартталған әдістерді қолдану, сондай-ақ, мемлекеттік органдар немесе үкіметтік емес ұйымдар көрсететін қызметтердің сәйкестігін, аккредиттелген бағалауын пайдалану – қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған мақсаттарға неғұрлым дәл қол жеткізуге ықпал етеді.
Аккредиттеуді және сәйкестікті бағалау қажеттігін түсіндіру мақсатында және аккредиттеу пайдаланылған жаһандық мысалдарды көрсету үшін
www.publicsectorassurance.org вебсайт жасалынды.
Аккредиттеу денсаулықты және қауіпсіздікті қорғау, экономикалық даму, саудаға көмек көрсету, сондай-ақ, қылмыскерлікпен күрес және қауіпсіздікті көтеру мәселелерін шешу саласында реттеуші органдарға қоғамдық мүдделерді қолдауда сенімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сенімді құрал болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органдарды (СРО), менеджмент жүйелерін (МЖ СРО), сынақ (СЗ), калибрлеу (КЗ), салыстырып тексеру (СТЗ), аккредиттеу бойынша қызметтің дәстүрлі бағыттарынан басқа медициналық зертханаларды (МЗ), персоналды сертификаттау жөніндегі органдарды (П СРО), біліктілікті тексеру провайдерлерін және инспекция жөніндегі органдарды (ИО) аккредиттеу сияқты жаңа бағыттар белсенді дамытылуда. Бұл бағыттарда біз қоғамда толық түсіністікке және халықаралық деңгейге шығу жұмыстарын жүргізуде мемлекеттің қолдауына қол жеткіздік.
2016 жылғы 5 мамырдағы жағдайы бойынша аккредиттеу тізілімінде 1347 субъекті тіркелген, оның 1332-сі дәстүрлі бағыттары, 15-і аккредиттеудің жаңа бағыттары бойынша. Кеден одағы Техникалық регламенттерінің талаптары бойынша өзектендірілген қазақстандық бөліміне 75 СРО және 273 СЗ енгізілген.
Сонымен, Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінің құрылу жылдары автомобильдік, теміржол және кеме құрылысы өнімі талаптары бойынша жекелеген көрсеткіштерді қоспағанда, техникалық регламенттердің барлық талаптары бойынша өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сынақ базасы құрылды. Жаңа технологиялар мен сынақ әдістерінің дамуымен Қазақстан Республикасының зертханалық базасын жетілдіру бойынша үрдісті шексіз жалғастыра беруге болатынын атап өту қажет.
Қазақстан қарқынды дамушы мемлекет болып табылады. Мемлекеттің негізгі макроэкономикалық стратегиясы жақын жылдарға отандық өндірістің дамуымен қатар, Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуын көздейді. Мысалы, Қазақстан дәнді дақылдарды ірі экспорттаушыларының қатарына кіреді. Біз ауқымды экологиялық таза аумақты иеленудеміз және экологиялық таза азық-түлік өнімдерін өндіре аламыз. Сондықтан, біз органикалық, экологиялық таза және «Халал» өнімдерін сертификаттау саласы сияқты жаңа аккредиттеу бағытын, сондай-ақ, инспекция жөніндегі органдарды құру бағыттарын дамытамыз. 2015 жылдың соңында біз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» ШЖҚ РМК инспекциясын аккредиттедік. Бұл субъектінің аккредиттеу саласына дән, дәнді асбұршақ және май дақылдары және оларды қайта өңдеу өнімдерінің, сондай-ақ, жемістік, көкөністік, табиғи гүлдердің кесіндісін және құмыралық өсімдіктердің инспекциясы кіреді.
Сонымен қатар, ДСҰ-ға Қазақстанның кіруі біздің экспорттаушылар үшін де, сондай-ақ, біздің экономиканың негізгі секторына келетін шетелдік инвесторлар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бұл ретте, мемлекет өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін, ал аккредиттеу үрдісі оның сәйкестігін бағалау нәтижелеріне сенімді қамтамасыз етуі қажет.
Сондай-ақ, біздің республикамыз климат өзгеруінің алдын алудың жаһандық саясатына белсенді атсалысуда. Қазақстан халықаралық қауымдастық алдында парникті газдардың шығарылуын қысқарту бойынша ерікті міндеттерді қабылдады. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін республика әлемнің жоғары дамыған елдерінің халықаралық тәжірибесін белсенді енгізуде. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне аккредиттеу жөніндегі органға парникті газдардың шығарылуын верификациялауды, валидациялауды жүзеге асыратын тәуелсіз ұйымдарды аккредиттеу бойынша құзыреттілікті беру бөлігіне өзгерістер енгізілді. Енді Ұлттық аккредиттеу орталығы (ҰАО) алдында осы саладағы бірқатар халықаралық стандарттарды енгізу міндеті тұр.
Жоғарыда көрсетілген барлық іс-шаралар ҰАО-дан халықаралық талаптарға сәйкес келетін білікті қызметкерлерді дайындауды қажет етеді. Осыған байланысты оларды дайындауға бағытталған халықаралық деңгейдегі семинарлар мен конференцияларға қатысуға ерекше назар аударамыз.
Бүгінгі күні аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды 45 штаттық және 48 сырттан тартылатын мамандар, қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша сарапшы аудиторлар жүзеге асырады. Ал сәйкестікті бағалауды жүргізу үшін 1000 техникалық сарапшылар тартылады. ҰАО тұрақты негізде сәйкестікті бағалауға қатысатын мамандардың біліктіліктерін көтеру бойынша жұмыс жүргізеді. Мысалы, бізде Алматы қаласы бойынша толыққанды оқыту орталығы бар. Оның үстіне, ҰАО орталық аппаратында курстар өткіземіз. Жыл сайын халықаралық талаптарға сәйкес келу мақсатында, стандарттардың жаңа нұсқаларына оқыту курстарын өткізу үшін, ҰАО шетелдік мамандарды, оның ішінде осы халықаралық стандарттарды әзірлеу ісіне қатысқан дәріскерлерді шақырады. Сонымен қатар, аккредиттеудің жаңа бағыттары бойынша тәжірибені зерделеу мақсатында біздің мамандар аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдарда тағылымдамадан өтеді.
Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, ірі қалалардың серпінді дамуы көліктік-логистика, қалалық инфрақұрылымның техникалық және әлеуметтік, өмір сапасына өсіп келе жатқан талаптармен және өсіп көбейіп келе жатқан тұрғындарды ескере отырып қаланың дамуын тиімді басқару проблемаларымен бетпе-бет келеді. Бұл мәселелер халықаралық құжаттар қатарында және «ақылды» қалалар (Smart City) жобаларында қалаларды дамыту стратегияларында көрінісін тапты және бүкіл әлемде белсенді дамуда. Smart City тұжырымдамасы шеңберінде бұл жобаларды енгізу тиімділігінің нақтылануы энергиялық қорларды, коммуналдық желілерге қызмет көрсету шығыстарын үнемдеу, АҚШ және Еуропа елдерінде жолдарда апаттылықты және қала бойынша қозғалысқа шығындалған орташа уақытты төмендету мысалдары болып табылады.
Қазақстанда бұл мәселелер ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астана қаласында өткізу қарсаңында ерекше өзекті. Өйткені, Елбасы ЭКСПО-2017 инфрақұрылымының құрылысында Smart City қағидаттарын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сертификаттаудың бұл қағидаттары әділдік және шынайылыққа негізделген.
Серік ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директоры