Астана күніне орай елордада отандық тауар өндірушілердің алғашқы сауда үйі ашылады. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде отандық тауар өндірушілерді қолдау тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Оған Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенттері Қайырлы Таукен және Жібек Әжібаева қатысты.
Астана күнінде іске қосылатын сауда үйінде барлық тауарлар мен қызметтер «Қазақстанда жасалған» және «Халық маркасы» халықтық сапа белгілерімен ұсынылады. «Жоба мақсаты – елорда нарығында отандық тауарлардың үлесін көбейту, қазақстандық өнімдерді насихаттау, Қазақстан брендтерінің танымалдылығын арттыру», деді Қ.Таукен.
Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығының мәліметінше, сауда үйі аумағында еліміздің 14 облысы, Алматы мен Астана қалаларының 300-ге жуық фирма мен компаниялары өз өнімдерін қояды. Алғашқы компаниялар келіп, сауда алаңдарын құра бастады. Жобаға қатысуға ниет танытқан отандық өндірушілер, жарнамалық мақсатта «Халық маркасы» белгісін екі жылға дейін тегін пайдалана алады.
Басты артықшылық – барлық тауарға бекітілетін үстеме баға 3-7 пайыздан аспайды. Себебі, бағаның өсіміне әсер ететін делдалдық жүйе болмайды. Бұл дағдарыс кезеңінде ел тұрғындарына, әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдеріне елеулі қолдау болмақ.
Қазақстандық өндірушілер отандық және шетелдік дистрибьютерлермен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Яғни, ел экспортын арттыруға жағдай жасалады. Сауда үйі бөлшек және көтерме сауда-саттық орталығы ғана емес, шетелдік меймандарға қазақстандық нарықтың жетістігін паш ететін алаңға айналмақ.
Сауда үйінде отандық компаниялар өздерінің жеке сату бөлімдерін ашу мүмкіндігіне ие болады. Соның негізінде тауарларын жеткізуге қатысты келіссөздер жүргізіп, нақты келісімдерге қол қоятын болады деп күтілуде. Әр компания өз стендін әзірлеп, өнімдерін қоюға қажет аумаққа қол жеткізе алады. Сондай-ақ, тауар өндірушілер промо-акциялар, жаңа өнімдерінің тұсаукесер рәсімін, түрлі жарнамалық шараларды өткізе алады.
Сауда үйінің аумағы бастапқы кезеңде 5 000 шаршы метрді құрайы. Онда кең де ыңғайлы сауда павильондары, сток-орталықтар, бизнес-орталықтар, шоу-румдар, зертханалар, тоңазытқыш камералары, қоймалар, тауарларды түсіруге ыңғайлы алаңдар, жүк лифтілері, экскалаторлар, телефон мен интернет секілді барлық коммуникациялар болады екен. Сауда үйі Астана іргесінде, Сарыарқа ауданы, С 359 көшесі, №3 ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан.
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан»

Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00