14 Маусым, 2016

Тәуелсіздікке ода

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
*Өмір және өлең Тәуелдімін күнге мен, Тәуелдімін айға да. Табиғатпен бір денем, Қай кезде де, қайда да.   Тәуелдімін досыма, Ой – арманы үндескен. Тәуелдімін қасыма, Ғұмыр жасын бір кешкен.   Тәуелдімін қоғамға Мүшесімін соның бір. Маған, саған, оған да, Мектеп болған өмір бұл.   Жақсылыққа ен салам, Жамандық та тұр арбап... Тәуелдімін мен саған, Желеп-жебеп жүр, аруақ!   О, жаратқан, қолыңда, Екі тізгін, бір шылбыр. Жаным пида жолыңда, Ұрпағымды мұңсыз қыл.   Айтып келем ән қылып, Жырыма да қосамын. Тәуелсіз болып мәңгілік, Қалсыншы тек Отаным! Айтқали НӘРІКОВ,  ақын ОРАЛ
Соңғы жаңалықтар