Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыс әкімі аппаратының жаңа жетекшісін таныстырды. Облыс әкімі аппаратының жетекшісі болып Алмас Аманқолұлы Оңдақанов тағайындалды. Ол осыған дейін Зайсан ауданының әкімі қызметін атқарған болатын.
Алмас Оңдақанов – 1974 жылы 30 қазанда туған. 1995 жылы Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша, 1999 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Тарбағатай ауданы әкімі аппараты және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде экономист, инспектор болып бастады. Мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған соң Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің демпингке қарсы қадағалау комитетінің бас маманы болып тағайындалды.
Одан кейін Курчатов қаласы әкімі аппаратының жетекшісі, метрология және техникалық реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының басшысы, Қазақстан метрология институты Шығыс Қазақстан облысы филиалының директоры қызметін атқарды. 2008 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, басшы орынбасары, басшысы болып еңбек етті. 2013 жылдың маусым айынан бастап бүгінге дейін Зайсан ауданының әкімі қызметін атқарды.
Думан Анаш.
Дерек, фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
• 14 Маусым, 2016
Шығыста облыс әкімі аппаратының жетекшісі тағайындалды

Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33