15 Маусым, 2016

Ата-аналар алаңдамасын

308 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Екібастұз қаласындағ1994 жылы Павлодар облы­сының Екібастұз қаласындағы №26 гимна­зия-мектебін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келіп ашқан еді. Бұл сол шақта өңірімізде алғаш рет бой көтерген қазақ мектебі болатын. Жеңіс Мейірман бастаған тіл жана­шырлары, ата-аналар осы қазақ мектебінің тағдырына алаң­дап, «Егеменге», облыстағы тілшілер қосынына хат жазған еді. Хат жазғандардың арасында №26 гимназия-мектебінде қызмет еткен ұстаздар да бар. Алаңдауларына себеп: гимназия мектептің бірінші қабаты түрік лицейіне беріліп, лицей оқушылары 2015-2016 оқу жылында оқып шығады. Бұл – осы мектеп негізінде түрік лицейі ашылады деген сөз. Мәселенің мәнісі осы. Яғни, облыстық білім басқармасы ата-аналар, ұстаздар тарапынан алаңдаушылық тудырған бұл мәселені нақты зерттеп, жұмыс жүргізбеген болып отыр. «Өйткені, – дейді хат иелері, – №26 гимназия-мектебінің оқушылары бүгінгі күнге дейін екі ауысымда оқып келді. Мектепке сыймаған оқушылар амалсыздан аралас мектептерде оқып жүр. Қаламызда бір ауысымда білім беретін, бос кабинеттері жетерлік басқа да мектептер бар. Неге қазақ тілінде білім беретін гимназия-мек­тебі лицейге берілмекші?». Сұрақ осы. Бұл гимназия – облыстағы қазақ мектептерінің арасында «Ана тілі» гимназия-мектебсын жүзеге асыратын тірек мектебі. Республикалық «Білім ұясы-2001» конкурсында «Таңдаулы жыл мектебі» атанды. Осы жылдар ішінде мектепті «Алтын белгіге» – 5, үздік аттестатқа 23 түлек бітірді. «...Біздің көңілімізге келетіні, бұған дейін облыстық білім басқармасына осы мәселеге наразы­лық білдіріп хат жазғанымызда, «түрік лицейін Екібастұздағы білім сапасы төмендеп кеткендіктен ашып отырмыз» деген мағынада жауап берді. «Екібастұзда жаңадан ашылатын «№36 лицей-мектебіне №26 гимназия-мектебінің 200 оқушысы баруға мүдделі» делін­ген. Ал, біз осы хат бойынша облыстық білім басқармасына хабарласып, тө­мен­дегідей жауап алдық: «Екібастұзда «Облыстық дарынды балаларға арналған көпсалалы лицейі» облыс әкімдігінің 2015 жылдың 3 шілдедегі № 185/6 қаулысына орай ашылды. Қала әкімдігінің келісімі бойынша жаңа­дан ашылған лицейге №26 орта мектебі ғимаратының жартысы (1-қабат, 6 кабинет) берілді. Көпсалалы лицейді ашудағы мақ­сат – қазіргі заман талабы. Қазіргі уақытта облыс­тық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Павлодардағы мектептерде 170-тен астам Екібастұз қала­сы мен ауылдық аумақтардың оқушылары білім алуда. Өткен жылдың басында тек қазақ-түрік лицейлерінде екібастұздық 119 оқушы (жалпы оқушылардың 24,2 пайызын құрайды) білім алды. Бұл ата-аналардың балаларын дарынды балаларға арналған мектептерде оқытуға деген сұранысын, Екібастұзда сондай мектептер қатарын арттыру қа­жеттілігін кө­рсетіп отыр. Сондық­тан, қазақ ті­лінде білім беретін жаңа лицейде сапалы білім алуға барлық жағдай жасалды. Жалпы, қалада екі мектептің бір ғимаратта білім беру тәжірибесі бар. Яғни, білім беру стандартына сай, екі мектеп орналасқан ғи­марат сыныптардың толығуына қарай санитарлық ережелері мен нормаларының талаптарына сәйкес қызмет етеді. Ал №26 гимназия-мек­тебінің ата-аналары арасында алдын ала жүргізілген сауалдаманың қоры­тындысы бойынша 200-ден астам оқушы осы күзде пайдалануға берілетін жаңа мектепте оқығылары келеді екен. Болашақта балалары заманауи ғимаратта білім алғанын қалайтын ата-аналар саны артатыны сөзсіз» делінген хатта. Екібастұздық ұстаздар, ата-аналар жазған хатқа орай біз об­лыстық білім беру басқармасының бас­шысы Бақыт Бексейітованың қабылдауында болғанымызда, «Алаңдауға еш негіз жоқ», деді. Аталған лицейдің №26 гимназия-мектебінің ғима­ратынан басқа жерге ауыстырылатынын жет­кізді. Білім беру басқармасы атынан педа­гогикалық ұжымға білім беру жү­йесінде орын алған мәсе­леге назар аударғандары үшін алғыс біл­дірді. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы