Оған 5 мыңға жуық қазақстандық тартылды
Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны аяқталды. Қазірдің өзінде Қазақстан Қарулы Күштерінің ҰҚК Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге алу аяқталды, ал Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланының қатарын толықтыру әлі де жалғасуда.
18 бен 27 жас аралығындағы әскерге шақыруға жататын жастардың жалпы санының 5 000-ға жуығы Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеруге жіберілді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлеріне 900-ге жуық, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына – 500-ден аса, ал «Батыс» өңірлік қолбасшылығына – 500-ден аса, сондай-ақ, «Астана» өңірлік қолбасшылығына 30-ға жуық жас қызмет өтеуге жіберілді. Аэроұтқыр әскерлеріне 900-ден астам, ал оқу-жаттығу орталықтарына 800-ден аса адам жіберілді. Әуе қорғанысы күштерінің әскерлер сапы 900-ден аса адаммен толықты.
Олардың ішінде жоғары білімімен әскерге алынғандар саны 20 адам, арнаулы-орта мамандық иесі – 3 000-нан аса, орта білімі бар – 2 000-ға жуық адам.
Бүгінгі күнге дейін Қарулы Күштердің қатарына әскерге шақырылғандардың барлығы Отан алдындағы борышын өтейтін жерлерге жіберілді. Жас толықтыруларды жөнелту алдында дәстүрге сәйкес шығарып салулар ұйымдастырылды, ал оларды мерзімді қызмет барысында әскери істің қыр-сыры мен жаңа жағдайларға бейімдеуге көмектесетін командирлері, офицерлер қарсы алды.
Алғашқы әскери даярлық бағдарламасы аяқталысымен жастар әскери ант қабылдап, содан кейін әскери қызметті атқару үшін тиісті лауазымдарға тағайындалады.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда 2016 жылы көктемде мерзімді әскери қызметке 14 мың қазақстандықты шақыру жоспарланған.
«Егемен-ақпарат»

Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29
Әкімдіктерде үйлестіру жоқ: Үкімет басшысы жергілікті жердегі кемшіліктерді атап өтті
Инфрақұрылым • Бүгін, 12:22
ҰБТ-ға қосымша таңдау: AIT тестінің ерекшелігі неде?
Білім • Бүгін, 12:11
Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35