осынша айыппұл төледі
Қазір қоршаған ортаға бейжай қарап, табиғатқа қиянат жасайтын ірі кәсіпорындар мен өндірістік мекемелер көп-ақ! Олар компанияның әлеуетін арттыру жолында өнімді көптеп өндіргенімен, айналаға зиянын келтіріп отырғандарын қаперлеріне ала бермейді. Сондай кәсіпорынның бірі – Ақмола облысындағы «Алтын тау Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл мекеме таяуда табиғатқа орасан зор залал келтіруі салдарынан 34 млн. 790 мың теңге айыппұл төледі. Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының хабарлауынша, аталған кәсіпорын ірі мөлшердегі айыппұлды дер кезінде мемлекет қазынасына аударған.
– Кәсіпорынның өндірістік қалдықтарды далаға төккені анықталды. Қазіргі таңда біздің тарапымыздан тиісті шаралар атқарылуда. Сонымен қатар, табиғатқа зиянын тигізген өзге де мекемелерді анықтап жатырмыз, – дейді прокуратура өкілдері.
Айта кетейік, «Алтын тау Көкшетау» серіктестігі 2014-2015 жылдары экологиялық ұйымдардың рұқсатынсыз өндірістік қалдықтарын ашық аспан астына төккен. Мамандардың есебі бойынша, 4 мың тоннадан асатын өндірістік қалдықтар табиғат аясына шашылған. Сонымен қатар, қазандықтарға жағатын 321 тонна көмір рұқсат етілмеген жерге төгілген.
Бүгінде табиғатты қорғау прокуратурасы тарапынан еліміздің әр өңіріндегі өндіріс ошақтары жіті бақылауға алынып, олардың қоршаған ортаға қаншалықты залал келтіріп жатқаны тексерілуде.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33