2016 жылғы 25 сәуір, Астана қаласы
Тарихи сатып алушылар арасында астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге 2016 жылға арналған импорттық квота көлемдерін бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге арналған импорттық квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларының 14-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған тарихи сатып алушылар арасында астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге 2016 жылға арналған импорттық квота көлемдерін бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрі ______________ А. Мамытбеков
2016 жылғы 29 сәуір
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі
№185 бұйрығымен бекітілген
Тарихи сатып алушылар арасында астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге 2016 жылға арналған импорттық квота көлемдерін бөлу туралы
Р/с
№ СЭҚ қатысушысы ЖСН/БСН Әкелінген тауар саны, дана Есептік кезеңде жалпы әкелу көлеміндегі СЭҚ қатысушысының тауар әкелу үлесі, %-бен Өтінім берілген тауар саны, дана Есептелген импорттық квота көлемі, дана
Бар-лы-ғы Оның ішінде:
2013
жыл 2014
жыл 2015
жыл
1 «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы 991240000043 279 57 106 116 100 70 70
БАРЛЫҒЫ 279 57 106 116 100 70 70
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 3 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13767 болып енгізілді.