18 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппараты) бұйрығы  №6001-16-7-6/149

317 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
2016 жылғы 13 сәуір, Астана қаласы Тағылымдамадан өту туралы Үлгілік келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығымен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы ереженің 13-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған тағылымдамадан өту туралы Үлгілік келісім (бұдан әрі– Үлгілік келісім) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының)(бұдан әрі – Департамент) Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялануын; 3) тіркелген бұйрықты алғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісіне орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Облыстық және оларға теңестірілген соттар әкімшілерінің басшылары осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Департаменттің Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі мен Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің меңгерушісі А.Б. Рахымбековаға жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы І.ИСПАНОВ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы 13 сәуірдегі №6001-16-7-6/149 бұйрығымен БЕКІТІЛДІ Тағылымдамадан өту туралы ҮЛГІЛІК КЕЛІСІМ _______________________ 20___жылғы«__»_____ (елді мекен) (бекіту күні) ________________________________________________________________________________ (облыстық және оларға теңестірілген сот әкімшісінің атауы) Ары қарай «Соттар әкімшілігі» атанатынӘкімшілік басшысы ретінде __________________________________, (Т.А.Ә(болған жағдайда) екінші жағынан,ары қарай тағылымдамашы-кандидататанатын ______________________________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда), басқа жағынан __________, ары қарай жұмыс беруші атанатын __________________________________________ (Т.А.Ә(болған жағдайда), жұмыс беруші) ______________________________, ары қарай «тараптар» атанады, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы №643 жарлығымен бекітілген, судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өтуі туралы Ережеге (ары қарай- Ереже) сәйкес және ___________________________________________________ (облыстық және оларға теңестірілген сот атауы) төрағасының ____жылғы ___________ № ___ өкімінің негізінде тағылымдамадан өту туралы Келісім жасады (ары қарай- Келісім). Тағылымдамадан өту орны: ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ 1. Келісім нысаны 1. Осы Келісімнің нысаны тағылымдамашы-кандидаттың іскерлік, кәсіби және адамгершілік қасиеттерін зерделеу және оның судья өкілеттіктерін жүзеге асыру перспективасын айқындау,жергілікті соттарда жұмыстың ерекшеліктерін зерделеу, судья лауазымындағы жұмыс үшін қажетті практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру мақсатында тағылымдамадан өту кезінде туындайтын тараптардың өзара қарым-қатынастары болып табылды. 2. Тағылымдамадан өту шарттары және тәртібі 2. Тағылымдамашы-кандидаттың тағылымдамадан өтуі негізгі жұмыс орнынан қол үзе отырып, тұрақты негізде 3. Тағылымдамадан өту шарттары және тәртібі Ереженің 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамашы-кандидатқа еңбек заңнамасында белгіленген тәртіпте жұмыс беруші жалақысы сақталмайтын демалыс береді. 5. Тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамашы-кандидатқа 1 жылға дейінгі еңбек өтілі бар аудандық және оған теңестірілген сот судьясы лауазымдық айлықақысының 70 %-ы мөлшерінде жалақының белгіленген сомасы төленеді. 3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 6. Соттар әкімшісі: 1) тағылымдамашы-кандидаттан осы Келісімнің шарттарын, жұмыс істеу тәртібі ережелерін, еңбек тәртібін сақтауды талап етуге; 2)тағылымдамашы-кандидат осы Келісім анықталған міндерттерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда тағылымдама үйлестірушісі- облыстық сот судьясына жазбаша түрде хабарлауға; 3) тағылымдамашы-кандидат тағылымдамадан өту кезеңінде келтірген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы; 4) жасалған жұмыс туралы есеп. 7. Соттар әкімшісі: 1) тағылымдамашы-кандидат тағылымдамадан өту үшін облыстық сот төрағасының өкімімен белгіленген аудандық және оған теңестірілген соттарда (ары қарай- аудандық сот), облыстық және оған теңестірілген соттарда (ары қарай- облыстық сот) дұрыс және қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға жұмыс орнымен қамтамасыз етуге; 2)тағылымдамашы-кандидат тағалымдамадан өтудің жеке жоспарын орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық базаға, арнайы әдебиетке және материалды-техникалық құралдармен жұмыс жасауға қолжетімділікті қамтамасыз етуге; 3) тағылымдамашы-кандидаттың аудандық сотта тағылымдамадан өтудің бекітілген тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыруға; 4) тағылымдамашы-кандидатқа лауазымдық айлықақының белгіленген сомасын уақытылы және толық көлемде төлеуге; 5) тағылымдамашы-кандидатты облыстық сот төрағасының және соттар әкімшісінің актілерімен таныстыруға міндетті. 8. Тағылымдамашы-кандидат: 1) Соттар әкімшісінен осы Келісімнің орындалуын талап етуге; 2) еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуына; 3)тағалымдамадан өтудің жеке жоспарын орындау үшін қажетті нормативтік құқықтық базаға, арнайы әдебиетке және материалды-техникалық құралдармен жұмыс жасауға; 4) лауазымдық айлықақының белгіленген сомасын уақытылы және толық көлемде төленуіне; 5) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандыруға; 6) Заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен өзінің құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына; 7) еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына құқылы. 9.Тағылымдамашы-кандидат: 1) судьялыққа үміткердің тағылымдамадан өтуінің үлгілі бағдарламасының негізінде құралған тағылымдамадан өтудің жеке жоспарының іс-шараларын орындауға; 2) тағылымдама күнделігін жүргізуге; 3) тағылымдамадан өту барысында азаматтардың жеке өміріне, ар-намысына қатысты алынған мәліметтерді құпияда сақтауға; 4) іскерлік әдепті сақтауға, киім киюдің іскерлік стилін ұстануға; 5) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін және өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға; 6) еңбек тәртібін сақтауға 7) тағылымдамадан өтіп жатырған соттың ішкі тәртіптеріне бағынуға; 8) аудандық, облыстық сотта тағылымдамадан өтудің белгіленген мерзімін, ережесін және тәртібін сақтауға; 9) еңбек қызметін, жеке басын куәландыратын құжат, карталық базада 20 сандық ағымдағы есеп шот ашқандыған растайтын мәлімдеме, электрондық нұсқадағы фото сурет ұсынуға; 10) мемлекеттік мүлікті ұқыпты пайдалануға міндетті. 10. Жұмыс беруші: 1) тағылымдамашы-кандидаттан Соттар әкімшісі мен Жұмыс берушіге қатысты міндеттемелерді тиісінше орындауын талап етуге құқылы. 11. Жұмыс беруші: 1) тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамашы-кандидатқа жалақысы сақталмайтын демалыс беруге; 2) тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдамашы-кандидаттың жұмыс орнын (лауазымын) сақтауға; 3) тағылымдама аяқталғаннан кейін тағылымдамашы-кандидатқа бұрынғы жұмыс орнынан жұмыс беруге міндетті. 4. Өзге шарттар 12. Осы Келісім тараптардың әр қайсысы үшін бір данадан бірегей заңды күшке ие, мемлекеттік және орыс тілінде, үш данада ресімделген. 13. Келісім: 1) тағылымдамадан өту мерзімі аяқталғанда; 2) Ереженің 4 тармағымен көзделген негіздер бойынша тағылымдама тоқтатылған жағдайда; 3) Ереженің 19 тармағына сәйкес, тағылымдамадан өтуді мерзімнен бұрын тоқтатқанда; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге жағдайларда әрекет етуі тоқтатылады. 14. Осы Келісім тағылымдама басталған күннен бастап күшіне енеді. Соттар әкімшісі Тағылымдамашы- Жұмыс беруші _____________________ кандидат____________ _____________________ _____________________ ____________________ ____________________ _____________________ ____________________ ____________________ _____________________ ____________________ ____________________ _____________________ ____________________ ____________________ Т.А.Ә. (болған жағдайда) Т.А.Ә. (болған жағдайда) Т.А.Ә. (болған жағдайда) ____________________ ___________________ ___________________ ____________________ ___________________ ___________________ (қолтаңбасы) (қолтаңбасы) (қолтаңбасы) М.О. М.О. (болған жағдайда) Ескертпе: Егер тағылымдамашы-кандидат еңбек қатынастарында болмаса, тағылымдамадан өту туралы келісім аумақтық бөлімше басшысы мен тағылымдамашы-кандидат арасында жасалады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 13 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13703 болып енгізілді.