18 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығы  №107

335 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 24 желтоқсан, Астана қаласы №1 дана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін. 3. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қазандағы № 95 (2015 жылғы 8 желтоқсанда № 12368 Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Н.ӘБІҚАЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 29 желтоқсан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №107 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі Буын Саты Лауазымдардың атаулары А блогы (басқарушы персонал) А2 1 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі (бұдан әрі – ҚР ҰҚК ШҚ) Ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі (2101А әскери бөлімі) Бастығы: қызмет, инспекция (2456 әскери бөлімі) Бөлімше бастығы (меңгеруші) (2530 әскери бөлімі, 2120 әскери бөлімі) 2 Қызмет жетекшісі (2015 әскери бөлімі, 2024 әскери бөлімі, 2039 әскери бөлімі, 2040 әскери бөлімі, 2201 әскери бөлімі) Бөлімше бастығы (меңгерушісі) (01068 әскери бөлімі, 2023 әскери бөлімі, 2028 әскери бөлімі) А3 1 Бас: хормейстер, балетмейстер, дыбыс режиссері (2101А әскери бөлімі), кадрлар жөніндегі инспектор, экономист (2530 әскери бөлімі) 1-1 Бастық: бөлім, қызмет (2468 әскери бөлімі) 3 Топ бастығы (ҚР ҰҚК ШҚ әскери бөлімдері) Дәріхана меңгерушісі (2530 әскери бөлімі) В блогы (негізгі персонал) В1 1 Бас ғылыми қызметкер, профессор 2 Жетекші ғылыми қызметкер, доцент 3 Аға оқытушы Аға ғылыми қызметкер Жетекші сарапшы 4 Кеңесші (2456 әскери бөлімі) Оқытушы Ғылыми қызметкер 5 Сарапшы Сарапшы-дәрігер Кіші ғылыми қызметкер Әдістемелік кабинетінің әдістемешісі (2177 әскери бөлімі) Ассистент «Денсаулық сақтау» саласында В2 1 Дәрігер (біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты) 2 Дәрігер (біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты) 3 Дәрігер (біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты) 4 Дәрігер (біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ) В3 1 Акушер, мейірбике (мейірие), зертханашы, провизор (фармацевт), рентген зертханашысы, фармацевт, фельдшер, психолог, микробиолог (біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты) 2 Акушер, мейірбике (мейірие), зертханашы, провизор (фармацевт), рентген зертханашысы, фармацевт, фельдшер, психолог, микробиолог (біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты) 3 Акушер, мейірбике (мейірие), зертханашы, провизор (фармацевт), рентген зертханашысы, фармацевт, фельдшер, психолог, микробиолог (біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты) 4 Акушер, мейірбике (мейірие), зертханашы, провизор (фармацевт), рентген зертханашысы, емдәм бикесі, фармацевт, фельдшер, психолог, микробиолог (біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ) В4 1 Акушер, мейірбике (мейірие), медициналық статистик, тіс технигі, фармацевт, фельдшер, зертханашы, рентген зертханашысы, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, оптик және оптикометрист (біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты) 2 Акушерка, мейірбике (мейірие), медициналық статистик, тіс технигі, фармацевт, фельдшер, зертханашы, рентген зертханашысы, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, оптик және оптикометрист (біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты) 3 Акушерка, мейірбике (мейірие), медициналық статистик, тіс технигі, фармацевт, фельдшер, зертханашы, рентген зертханашысы, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, оптик және оптикометрист (біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты) 4 Акушерка, мейірбике (мейірие), медициналық статистик, тіс технигі, фармацевт, фельдшер, зертханашы, рентген зертханашысы, емдәм бикесі, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, оптик және оптикометрист (біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ) «Білім беру» саласында В3 1 Тәрбиеші, зертханашы (біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты) 2 Тәрбиеші, зертханашы (біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты) 3 Тәрбиеші, зертханашы (біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты) 4 Тәрбиеші, зертханашы (біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ) В4 1 Тәрбиеші, зертханашы (біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты) 2 Тәрбиеші, зертханашы (біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты) 3 Тәрбиеші, зертханашы (біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты) 4 Тәрбиеші, зертханашы (біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ) өзге салаларда В2 1 Әртіс, балетмейстер, концертмейстер, режиссер, хореограф, хормейстер (2101А әскери бөлімі); барлық мамандықтар инженері (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), эколог (біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты) 2 Әртіс, балетмейстер, концертмейстер, режиссер, солист, хореограф, хормейстер (2101А әскери бөлімі); барлық мамандықтар инженері (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), эколог (біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты) 3 Әртіс, балетмейстер, концертмейстер, режиссер, солист, хореограф, хормейстер (2101А әскери бөлімі); өндіріс технологы (2468 әскери бөлімі); барлық мамандықтар инженері (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), эколог (біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты) 4 Әртіс, балетмейстер, концертмейстер, режиссер, солист, хореограф, хормейстер (2101А әскери бөлімі); өндіріс технологы (2468 әскери бөлімі); барлық мамандықтар инженері (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), эколог, ветеринариялық дәрігер, авиация тасымалдарының диспетчері (біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ) В3 1 Әртіс, балетмейстер, концертмейстер, режиссер, солист, хореограф, хормейстер (2101А әскери бөлімі); инспектор (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), техник, механик (біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты) 2 Әртіс, балетмейстер, концертмейстер, режиссер, солист, хореограф, хормейстер (2101А әскери бөлімі); инспектор (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), техник, механик (біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты) 3 Әртіс, балетмейстер, концертмейстер, режиссер, солист, хореограф, хормейстер (2101А әскери бөлімі); инспектор (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), техник, механик (біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты) 4 Әртіс, балетмейстер, концертмейстер, режиссер, солист, хореограф, хормейстер (2101А әскери бөлімі); өндіріс технологы (2468 әскери бөлімі); инспектор (негізгі қызмет түрі), нұсқаушы (негізгі қызмет түрі), техник, механик, авиация тасымалдарының диспетчері, ветеринариялық дәрігер (біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ) С блогы (әкімшілік персонал) С1 Меңгеруші (басшы): электр шаруашылығының, жылу шаруашылығының, балабақшаның, дәріхананың, асхананың, кітапхананың, зертхананың, өндірістің, мұрағаттың, қазандықтың (жалпы жылу өнімділігі 50 Гкал/сағ. жоғары), комбинаттың; шеберхананың, монша-кір жуу комбинатының (ҚР ҰҚК ШК әскери бөлімдері) С2 Мұрағатшы, референт, бухгалтер, статистик, кітапханашы, экономист, суретші, барлық мамандықтар инженері, инспектор, нұсқаушы, менеджер, әдістемеші, аудармашы, технолог, заңгер консультант, психолог, музыкалық жетекші, мемлекеттік сатып алу менеджері, жүйелік әкімші, аудитор (ревизор), ветеринариялық дәрігер (бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі) С3 Мұрағатшы, автомобильдік тасымалдау диспетчері, бухгалтер, кітапханашы, экономист, шебер, суретші, барлық мамандықтар инженері, инспектор, нұсқаушы, менеджер, әдістемеші, механик, заңгер консультант, техник, жаттықтырушы, технолог, әскери есепке алу жөніндегі маман, музыкалық жетекші, режиссердің көмекшісі, ветеринариялық фельдшер (бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі) Басшы (меңгеруші): монша, гараж, қонақ үй, топ, іс жүргізу, сақтау камерасы, кеңсе, қазандық (жалпы жылу өнімділігі 50 Гкал/сағ. кем), наубайхана, кір жуатын орын, қойма, станция, шаруашылық, учаске, бөлім, жатақхана, ауысым, спортзал D блогы (қосалқы персонал) D Оператор, іс жүргізуші, автомобильдік тасымалдау диспетчері, статистик, комендант, бақылаушы, рұқсаттама бюросының кезекшісі, кассир, тәрбиешінің көмекшісі, медициналық тіркеуші, есепші, сызушы, экспедитор, киномеханик, мұрағатшы, мейірбикенің көмекшісі Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12757 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Жетісудың Қызылтас аумағында экоакция өтті

«Таза Қазақстан» • 03 Қазан, 2024

Ринат Заитов: Төл өнерге төр керек

Мәдениет • 03 Қазан, 2024

Жоғарғы Сот судьясы сайланды

Сенат • 03 Қазан, 2024

Бітімгер әйелдердің саны артады

Әйел әлемі • 03 Қазан, 2024