Таяуда Илья Ильиннің Лондон-2012 Олимпиадасы кезінде рұқсат етілмеген есірткі пайдаланғаны жөнінде допинг-сынамада анықталды. Сонымен қатар, қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Мая Манеза және Зүлфия Чиншанло да допинг дауының құрбанына айналды. Олар аталған мәселе толық шешілмейінше, алдағы өтетін жарыстардан аластатылды. Десе де, саңлақтарымыз ХОК таратқан мәліметке мойымай, Олимпиадаға қатысу үшін дайындықты жалғастыра беретінін айтып отыр. Осы ретте Сыр толағайы, әлемді мойындатқан Олимпия ойындарының екі мәрте чемпионы Илья Ильин допинг дауына байланысты өз мәлімдемесін жасады.
«Бұл ақпарат төбемнен жай түскендей есеңгіретіп тастады. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ережесіне сай, мен туралы барлық ақпарат халықаралық ADAMS жүйесінде орналасқан. Онда менің әрбір күнім сағат-сағатпен жазылып, жаттығуда, не басқа жерде жүргенім толық көрсетіледі. Мені допингке қарсы агенттіктің бақылаушылары оңай таба алады. Биылдың өзінде екі рет – Польшада және Алматыда допингке қарсы сынама тапсырдым. Өздеріңіз білетіндей, ешбір халықаралық жарыс допингтік тексеріссіз өтпейді. Мен де өзге спортшылар секілді, 2004 жылдан бері допингке сынақ тапсырамын. Қазір Рио Олимпиадасына дайындығымды жалғастырып жатырмын және берілетін ойым жоқ. Маған қатысты ақылға қонымсыз шешімнің бұрыстығын дәлелдейміз деп сенемін. Қандай шара қолданылса да, сіздердің 20 жыл бойы өмірімді спорт залында өткізіп, қан мен терім шыққанша күніне 3 рет жаттығу жасайтынымды білгендеріңізді қалаймын. Мен барлық уақытта өзіме артылған жүкті сезініп, сіздердің қолдауларыңызды көріп келдім. Қазір де сол қолдауларыңыз маған қажет болып тұр. Сіздердің Илья Ильиндеріңіз», – деп жазған Илья Ильин өзінің Instagram парақшасында.
Осы орайда, Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы арнайы мәлімдеме жасап, спортшыларымыздың өз заңды құқықтарын қорғаудың барлық деңгейінде және процестің әрбір кезеңінде құқықтық көмек көрсететінін жеткізді.
Айта кетейік, жуық арада Халықаралық Олимпиада комитеті чемпиондардың Олимпиададағы марапаты мен оларды Рио-2016 Олимпия ойындарына қатыстыру жөнінде мәселені тәртіптік кеңесте қарайтын болады. Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің айтуынша, Халықаралық Олимпиада комитеті қазақстандық атлеттердің тағдырын 27 маусымда шешетін болады.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25