Апта соңында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиеваның, Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ж.Жонтаеваның және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ж.Жылбаевтың қатысуымен «12 жылдық білім беруді кезең-кезеңмен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту» тақырыбында брифинг өтті.
«Министрлік «100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының 76, 79, 89-қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында білім мазмұнына кезең-кезеңімен көшу жұмыстарын бастады. Жаңа оқу жылынан бастап республиканың барлық мектептеріне Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны 1-сыныптан бастап енгізіледі. Оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға бағытталған бұл жаңартылған мазмұн 30 қанатқақты мектепте сынамалаудан табысты өтті. Жаңартылған білім мазмұны келесі кестеге сәйкес кезең-кезеңімен енгізіледі: биыл –1-сынып, 2017 жылы – 2,5,7- сыныптар, 2018 жылы – 3,6,8,10-сыныптар, 2019 жылы – 4,9,11,12-сыныптар, ал 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда аяқталады», – деді вице-министр.
Жиын соңында Э.Суханбердиева үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде үш тілде білім беруді енгізуге дайындық басталғанын атап өтті.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13