Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл лауазымға Азамат Маратұлы Мұхамедшынов тағайындалды. Ол осыған дейін Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Азамат Маратұлы – 1978 жылы 23 ақпанда Ұлан ауданының Асубұлақ кентінде туған. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «музыка пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан аймақтық университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Жарма ауданының Бақыршық ауылында Бақыршық орта мектебінің музыка пәні мұғалімі болып бастады. 2002-2008 жылдары Риддер қаласында «Шаңырақ» орта мектебінде концертмейстер және домбыра үйірмесінің жетекшісі болды. 2008-2010 жылдары Риддер қаласының «Мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, 2010-2012 жылдары Риддер қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2012 жылдың сәуір айынан бері Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып еңбек етіп келді.
Думан Анаш.
Дерек, фото: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше