Футболдан Еуропа чемпионатына А тобынан қатысып жатқан Албанияның ұлттық құрамасы Румыния командасын 1:0 есебімен ұтты. Бұл команда алғашқы екі кездесуде Франция мен Швейцариядан жеңілген болатын. Ал Румыния Франциядан ұтылып, Швейцариямен тең ойнаған. Енді қазір Албанияда 3 ұпай боса, румындарда бір ғана ұпай. Осылай ойда жоқта албандар А тобында үшінші орынға шықты.
Жалпы, Албания құрамасы Еуро додасында жақсы қырынан көрінді. Соңғы минутқа дейін ойнады. Алаң иелерімен ойында есеп 1:1 болып тұрғанда матчтың соңғы минуттарында гол жіберіп алды. Швейцариямен матчта да соңғы минутта доп жіберіп, жеңіліп қалды. Бұл команданың жарысқа психологиялық дайындығымен де байланысты болу керек. Егер олар жинақы ойнағанда Венгрия, Словакия, Уэльс сияқты нәтиже көрсетін еді. Алайда, Еуро додасында албандарда жігерлі ойыншылар болғанымен жинақы команда болмады.
Албандардың үшінші орыннан 1/8 финалға шығуға мүмкіндігі бар. Егер шықса С тобында бірінші орын алған командамен кездеседі. Ол Германия болуы мүмкін.
Румыния – Албания – 0:1 (0:1)
Голдар: Садику 43’ – 0:1
Румыния: Татарушану, Сэпунару, Григоре, Кирикеш, Мэцел, Препелицэ (Сынмэртян 46’), Хобан, Попа (Андоне 68’), Станчу, Станку, Алибек (Торже 57’)
Албания: Бериша, Хюсай, Айети, Маврай, Аголи, Абраши, Баша (Цана 83’), Мемушай, Лиля, Леняни (Роши 77’), Садику (Балай 59’)
Ескерту алғандар: Мэцел 53’, Сэпунару 85’ — Баша 6’, Мемушай 85’
Төреші: Краловец Павел.
19 маусым. «Лион стадионы» стадионы (Лион).
Дастан Кенжалин.
Фото: telegraf.com.ua
Видео: vk.com
• 20 Маусым, 2016
Футбол. «Еуро-2016». Албания алғаш рет жеңіске жетті

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше