21 Маусым, 2016

Құқық тақырыбы және БАҚ

385 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«БАҚ-пен өзара іс-қимыл»Елбасы тапсырмасына орай қазіргі таңда заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытында көптеген іс-шаралар қолға алынуда. Ал заңның үстемдігі соттар  жұмысымен тікелей байланысты. Осыған орай кеше Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «БАҚ-пен өзара іс-қимыл» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Сөз және бұқаралық ақпарат құрал­дарының еркіндігі адамның негізгі құ­қықтарына жататындығын ерекше айта кеткен орынды. Қоғамның демократиялық дамуының атрибуттары болып табылатын сөз және ой еркіндігі азаматтардың ақпаратқа қолжетімдігін, пікір алмаса алуын және ойын еркін білдіре алуымен ұштасып жатыр. Осы тұрғыдан келгенде бұқаралық ақпарат құралдары мен соттар арасындағы өзара іс-қимыл ерекше мәнге ие. 2016 жылдың сәуірінде Жоғарғы Сот Төрағасының тапсырмасымен соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тұжырымы қабылдануы да сондықтан. Аталған тұжырым Елбасының тапсырмасына орай сот жүйесін жетілдіруге бағытталған. Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Нэлли Ситникованың атап өткеніндей, соттар жұмысын көрсетуде бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқарады. Өйткені, соттар туралы пікір осы басылым беттеріндегі ақпараттарға қарай қалыптасады. Әріптесінің ойын жалғастырған судья Айгүл Жамансариева  соттар жұмысының сапасы мен алға қойған міндеттері жөніндегі бұқаралық ақпарат құралдарының пікірі маңызды екенін ерекше атады. Оның үстіне азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыс халықтың құқықтық ағартылуы қажеттігімен ұштасып жатыр. Соттар туралы ақпараттар қолжетімді болған сайын қарапайым тұрғындардың сот процесіне деген сенімі де дұрыс бағытта қалыптасады. Ең бастысы аталған отырыста мемлекеттік билік органдары мен азаматтық қоғам құрылымдарының өзара ашық ынтымақтастығында соттардың шешім қабылдауда БАҚ өкілдерін ойға қалдырмайтындай тетігін қалыптастыру қажеттігі ерекше аталды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024