21 Маусым, 2016

Ұмытшақ ұшқыш

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
самолетДюссельдорф әуежайында экипаж 72 жолаушыны тастап, ұшып кеткен Әлемде немістерді уақытты барынша бағалай білетін, сағат тілімен санасып, әрбір іске жауап­кершілікпен қарайтын ұлт деп жатамыз. Енді қараңыз, Германияда бір ұшқыш сағат 22:00-де көкке көтерілу үшін ұшақ бортына жайғасып болмаған 72 жолаушыны тастап кеткен. Осыдан-ақ, неміс ұлтының уақытпен санасатынын аңғару қиын емес. Оқиға аталған елдің Дюссель­дорф қаласындағы аэропортта орын алған. Мұнда Eurowings компаниясына тиесілі ұшақ жолаушылардың бір бөлігін тас­тап ұшып кеткен. Негізі, 100-ден астам адам ұшу алаңына екі автобуспен жеткізілген. Солардың бірінде отырған 40 кісі әуе ке­месіне мініп үлгерсе, 70-тен астамы айлақта қалып қойған. Белгілі болғандай, ұшқыш сағат 22:00-ге дейін көкке көтерілуге асыққан. Өйткені, бұл уақыттан бастап қалада түнгі ұшуларға тыйы­м салынады. Айта кетейік, әуе кемесіне мініп үлгермеген жолаушылардың кейбірі діттеген жеріне автобус­пен жеткізілсе, қалғандары таңер­теңгі рейспен жеткізілетін болып шешілген. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»