21 Маусым, 2016

Аршавиннің азаматтығы

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АршавинАтақты ресейлік футболшы қазақ тілін үйреніп жүр Қазір Алматының «Қайраты» сапында ойнап жүрген Ресей құра­масының бұрынғы шабуылшысы Ан­дрей Аршавин бұл командадан кеткен­нен кейін футболшылық мансабына нүкте қоятын ойы барын жеткізді. Ол биылғы қыста екіжақты келісіммен Краснодардың «Кубанімен» арадағы келісімшартын үзген болатын. Наурыз айында ол «1+1» схемасы бойынша «Қайраттың» ойыншысы атанды. Алматылық клубтан кейін футболшылық мансабын тоқтату ықтималдылығы туралы қойылған сұраққа футболшы: «Негізі, солай болатын шығар», деп жауап берген. 35 жастағы спортшы сондай-ақ қазақ тілін үйренгісі келетін-келмейтіні туралы сұраққа да жауап қайтарыпты. «Мен үйреніп те жатырмын. Шын мәнінде біраз сөздерді білемін. Мысалы, қар дегеніміз – снег, ал орталық – центр. Қазақ тілі – мен үшін қиын тіл, бірақ уақыт өте келе тым болмаса ол тілде жұрттың не айтып жатқанын ұғатын халге жете алатын шығармын деп ойлаймын», – деді Аршавин. Бұдан бұрын Андрей Аршавин Санкт-Петербургтің «Зениті» (1999-2008, 2012, 2013-2015) мен Лондонның «Арсеналында» (2009-2013) өнер көрсеткен. Ол «Зениттің» құрамында Ресейдің үш дүркін чемпионы атанды, екі рет турнирдің күміс медалінің иегері болды, бір-бір реттен УЕФА Кубогы мен Суперкубогын, Ресей Суперкубогы мен премьер-лига Кубогын жеңіп алды. 2002-2012 жылдары Ресей құрамасы сапында хавбек ретінде 75 матч ойнап, 17 гол салды. Команданың капитаны дәрежесінде 2008 жылы Еуропа чемпионатында қола медальға қол жеткізді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ
Соңғы жаңалықтар

Жетісудың Қызылтас аумағында экоакция өтті

«Таза Қазақстан» • 03 Қазан, 2024

Ринат Заитов: Төл өнерге төр керек

Мәдениет • 03 Қазан, 2024

Жоғарғы Сот судьясы сайланды

Сенат • 03 Қазан, 2024

Бітімгер әйелдердің саны артады

Әйел әлемі • 03 Қазан, 2024