Таяуда қаланың орталық алаңында Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Бірыңғай ұлттық тестілеудің қорытындысы бойынша өз білімін растаған 132 елордалық түлекке «Алтын белгі» төсбелгілерін табыс етті. Дәстүрлі шараға Парламент пен қалалық мәслихат депутаттары, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, сондай-ақ, мұғалімдер мен ата-аналар қатысты.
Елорда басшысы түлектерді айтулы оқиғамен құттықтап, жастарға болашақта бұдан да үлкен жетістіктер күтіп тұрғанын айтты. «Қазіргі кезде сендердің міндеттерің – өмірлік жолда тірек болатын, өздерің үшін сенімді серік болатын кәсіпті таңдау», – деді Ә.Жақсыбеков. Одан әрі әкім Мемлекет басшысының білім мәселелеріне баса назар аударатынын атап өтті.
«Бүгінгі таңда мемлекет білім алу үшін барлық жағдайларды жасап отыр: еліміздің жетекші ЖОО-ның есіктері сендер үшін айқара ашық, үздік педагогтар жұмыс істеп, білім беру гранттарының саны ұлғайтылды, стипендия өсіп, әлемдік деңгейдегі университет – «Назарбаев Университет» құрылды, «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылуда», деді елорда әкімі. Қала басшысы балаларды оқытып, әр оқушыны білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымына ерекше алғысын білдірді. Елордалық мектептер түлектерге мықты білім базасын қалыптастырып, олардың бойына рухани-адамгершілік бағдар беріп, жастарды ересек өмірге дайындайды. Астанада білім саласында қолайлы жағдай жасалған. Жалпы білім беретін мектептер саны жыл сайын артып келеді. Өткен жылы 7100 орындық 6 мектеп ашылып, үш ауысымдық оқуды толығымен жоюға қол жеткізілді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде білім сапасы артып келеді. 2016 жылы «Алтын белгі» иесі атанған елордалық түлектердің саны өткен жылмен салыстырғанда 112-ден 132-ге, ҰБТ бойынша орташа балл 86,6-дан 89,2 баллға өсті. Елордалық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жүлделі орындар иеленуде. Өткен жылы олар АҚШ, Бразилия, Грузия, Оңтүстік Корея, Ресей мемлекеттерінде өткен жарыстардан 268 медаль иеленіп қайтты. Айта кетейік, Астанада 2015-2016 жылғы оқу жылының қорытындысы бойынша 4695 түлек аттестат алады, соның ішінде, 54-і ерекше үлгідегі аттестаттар.
Қала әкімі түлектерге ақ жол тілеп, алған білімді өмірде тиімді пайдалануға шақырды. Салтанатты марапаттау рәсімі аяқталған соң «Алтын белгі» төсбелгілерінің иегерлері дәстүрлі мектеп вальсін билеп, аспанға түлектердің тілектері жазылған шарлар ұшырылды. Түлектерді қазақстандық эстрада өнерпаздары құттықтады.
Ұлан САНЖАР

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше